Ет сапасы жақсартылады

 

Бұдан бес жыл бұрын М. Ғабдуллин атындағы елді мекенде 2500 бас ірі қара мал күтетін репродуктор шаруашылығы жұмыс істей бастады.

 

Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Агронесиелік корпорация» акционерлік қоғамы 2010 жылы алыс шетелдерден ет бағытындағы асыл тұқымды мал сатып алу үшін 2,6 миллиардтан астам қаржы бөлді. Сол жылы Солтүстік Американың Дакота штатынан «Абердин ангусс» және «Герефорд» тұқымдасы 804 бас ірі қара мал сатып әкелінді. Келесі жылы осындай 807 бас  асыл тұқымды мал жеткізілді. Оның 30 басы асыл тұқымды бұқа еді.
Бүгінгі таңда шаруашылықта 3466 бас ірі қара мал күтіледі. Сиырлар Еңбекшілдер ауданы Мамай ауылындағы «КазБееф ЛТД» серіктестігінде бағылады. Соңғы үш жылда 2199 бас бұзау алынды. 227 бас асыл тұқымды мал сатылды. Мал бордақылау алаңында шаруашылыққа арналған үйлер де тұрғызылған. Қосымша жиырма алты жұмыс орны ашылып, бір ветеринарлық дәрігер қабылданды. Серіктестікте қырықтан астам адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 78 мың теңгені құрайды. Кәсіпорынның өз тракторлары, қондырғылары мен көліктері бар. Шаруашылық жыл басында «Щучинский гормолзавод» серіктестігінің мал бордақылау алаңы деп өзгертілді. Қазір мұнда 3200 бастан артық ірі қара мал семіртілуде.

Қайрат ҚАЗИАҚПАРОВ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар