Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсан, мереке күні Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған Әскери-тарихи музейдің экспозицияларын аралап көрді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Жас Ұлан» республикалық мектебінің оқушыларымен кездесті.  Мемлекет басшысы Отанды бала кезден сүйіп, ата-бабаларымыз сияқты қорғауға және сақтауға дайын  болу керектігін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қазақстан Президенті «Тұлға. Елбасы. Тарих» деген тақырыппен өткен концертті көрді.

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған концертке Қазақстанның эстрада жұлдыздары, елдің алдыңғы қатарлы музыкалық және би ұжымдары қатысты.
Қазақ халық аспаптары оркестрі мен Астана мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымы орындаған туындылар мен хореографиялық қойылымдар және патриоттық рухтағы музыкалық нөмірлер арқылы қазақстандықтар қастер тұтатын негізгі құндылықтар – халық бірлігі, қоғамдық келісім, татулық пен тұрақтылық, салт-дәстүр, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы кеңінен көрініс тапты.

Елбасы жаңа жылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы рәсім барысында қатысушылардың барлығын алдағы Жаңа жылмен және елдің бас шыршасы шырағының жағылуымен құттықтады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға мықты денсаулық, оқу мен еңбекте табыс, игілік және бақ-береке тіледі. Мерекелік шоуға 2300-ден астам оқушы және қаланың белгілі  шығармашылық ұжымдары қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар