Ел жүрегінен орын алған өміршең Жолдау

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттер үдесінен шығу мәселелері қарастырылды.

Облыс әкімі Жолдаудағы басымдық берілген бағыттарды негізге ала отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс ауқымын белгіледі. Ең маңыздысы, облыс экономикасына инвестиция тарту мәселесі. Бұл орайда, облыс әкімі бизнес құрылымдары үшін инвест форум өткізуді ұсына отырып, осы бағытта кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына аудан және қала әкімдерімен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Кеңесте мемлекеттік және жекеменшік  әріптестікті жетілдіру мәселесі де көтерілді. Өңір басшысы облыс орталығында және аудандарда балабақшаларын, мектептер мен ауруханаларды салу тәрізді басымдық берілген бағыттарды өрістетуді тапсырды.
– Бізге мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті белсенді дамыту қажет. Ол үшін бизнес субъектілерімен меморандумға қол қойылғаны дұрыс, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, кеңес барысында салық түсімі, еңбекақыны көбейту және облыстағы өнеркәсіпті дамыту тәрізді ағымдағы келелі мәселелер талқыланды.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.   

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар