Мүлік құқығы заңдастырылады

Қазақстан Республикасының сыйлыққа беру шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке деген құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына cәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет оны алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік-құқықтық акт.
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Ақмола облысының қаржы басқармасымен Қазақстан Республикасының сыйлыққа беру шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке деген құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі.  Аталған Ережелерге сәйкес, мүліктің меншік иесі сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік мүлік құқығына ие болу қосымшасымен, тапсырылатын жылжымайтын мүлік нысанының құқық белгілеуші және құқық куәландырушы құжаттарының көшірмесі (сатып алу-сату шарты, техникалық төлқұжат, маңайындағы жер учаскесінің акті), меншіктенуші-түпнұсқа туралы мәліметтер, мүлікті бағалау есебі және өзге де қосымшасымен облыс әкімдігіне жүгінеді.
Жергілікті атқарушы органдар мүлік иесінен өтініш алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын мемлекеттік меншікке алуының қажеттігі туралы қорытынды ұсыну үшін орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функция-
ларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар өкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы хабардар етеді.
Аудан әкімдігі тиісті ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша экономикалық негіздемесімен мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу қажеттілігі (қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды дайындайды және мемлекеттік мүлік жөніндегі өкілетті органға немесе жергілікті атқарушы орган қаржы басқармасына жібереді. Аталған мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау тиімді болған жағдайда, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүліктері бойынша сыйлыққа беру шартын жасау туралы шешім Ақмола облысының әкімдігімен қабылданады. Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаржы басқармасымен көрсетілетін қызметті алушының мүлікті мемлекетке өтеусіз беру туралы 10 өтініш қаралды.  Олар бо-йынша мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкін сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылданды.

Айша ЖАНӘДІЛОВА,
облыстық қаржы басқармасының
бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар