Майдангерлердің ерлігі баяндалады

Ақкөл ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай майдангерлер мен тыл еңбеккерлері жөнінде «Не имеем мы право о том забывать» атты жинақ жарық көрді.

Туынды 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Ақкөл ұланы» – деп аталады. Онда ардагерлердің өздері Ақкөл аудандық мемлекеттік мұрағатына тапсырған құжаттарға сәйкес, сондай-ақ әскери комиссариат, округ әкімдіктері, ардагерлер кеңесінен алынған мәліметтердің көмегімен ардагерлердің өмірбаяны, әскери ерлігі мен еңбегі үшін алған наградалары туралы айтылады.
Ал, екінші «Соғыс хаттары» – бөлімі 1941-1945 жылдар аралығындағы жауынгерлердің хаттары мен газет беттерінде жарық көрген жазбаларға арналған.
Соңғы үшінші бөлім мемлекеттік мұрағат және фото құжат қорынан алынған көркем материалдарға арналған. Оның ішінде «№115 Алексеев аудандық халық депутаттары және атқарушы комитет кеңесінің» қорынан алынған «Госпиталь ұйымдастыру», «Мүгедектер үшін ыстық тамақ ұйымдастыру» және «Шаңғы жасау» тәрізді өзге де шешімдер жөнінде 1942 жылы Сталинге жолданған жеделхаттың көшірмесі бар.
Бөлімдегі құжаттар хронологиялық рет бойынша салынған және сол кездегі аудан атауы сақталған. Әрбір құжаттың мәтіні мен ақпарат көзі көрсетілген. Ақкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты шығарған жинақ Ұлы Отан соғысында Жеңісті жақындатуға үлес қосқан майдангерлердің ерлігіне арналып отыр.

 

Аслан ОСПАНОВ

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар