Еңбектері еленді

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мереке құрметіне еселі еңбегімен ерекшеленген әлеуметтік сала қызметкерлерін  марапаттады.

Салтанатты шараның ашылуында Нұрлан Нұркенов жиналғандарды ұлық  мерекемен құттықтады.
– Республикамызда мемлекеттік және кәсіби мерекелер баршылық. Алайда, ұлттық мереке біреу ғана. Бұл бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған мереке – Тәуелсіздік күні. Сол себепті, еліміздің керегесі кең, келешегі мол болсын, – дей келе, тәуелсіздік жолында қажырлы еңбек етіп жүрген  бірқатар қызметкерлерге Алғыс хат табыс етті.
Жиын естелік фотосуретке түсумен тәмамдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар