Дамуымыздың темірқазығы

 «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерімен өткен басқосуда Елбасының жуырдағы халыққа арнаған Жолдауы кеңінен сөз болды.

  Қазіргідей дағдарыс жағдайында өңірдегі экономикалық көрсеткіштерді төмендетіп алмау үшін  билік партиясына да үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық. Жиналғандар алдында сөз алған облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  Елбасы Жолдауын жұртшылық арасында насихаттауға үкіметтік емес ұйымдардың атсалысуы маңызды екенін атап көрсетті.
Биыл тәуелсіздіктің жиырма төртінші жылын аяқтағалы отырмыз. Азаматтық қоғам құру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың  зор үлес қосқаны да баса айтылды. Елдік істерден шет қалмай, қашанда алғы лектен көрінетін бұл саланың белсенділері  бүгінгідей қиындық туындаған кезде өздерінің  көшбасшылық қабілеттерімен адамдарды бірлік пен ынтымаққа шақыра алады.
Жиында өз ойларын ортаға салған үкіметтік емес ұйым жетекшілері ортақ мүдде жолындағы жұмыстарын жалғастыратынына сенім білдірді. Ал, шара соңында бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен партия  белсенділерінің бір тобы «Нұр Отан» партиясының және  жергілікті филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Нұр Отан» партиясының ардагері, жергілікті филиалдың белсенді мүшесі, Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықоваға «Еңбек ардагері» медалі  табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар