Қасиетіне бойладық

Біздің мектепте Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірнеше іс-шаралар болып өтті.

Ол «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты салтанатты жиыннан басталып, «Еңселі елім менің» патриоттық әндер байқауы, «Тәуелсіздік таңы» әдеби-музыкалық көрініс, «Менің Қазақстаным» сурет көрмесі мен «Тәуелсіздік – тұғырым менің!» атты сыныптан тыс тәрбие сағатына ұласты.
Оның барысында оқушыларға ата-бабаларымыздың басты арманы болған тәуелсіздігіміз туралы мол мағлұмат беріліп, шәкірттеріміздің осы тәуелсіздік туралы білімдері мен танымдары сарапқа салынды. Әрбір шара өзінің әсерлілігімен, ұстаздар мен оқушылардың белсене қатысуымен ерекшеленіп, еліміздің ұлық мерекесіне жақсы бір тартуымыз болды. Оның барысында жас ұрпақ арасында осындай тағылымды шараларды мүмкіндігінше жиірек өткізіп тұрудың қажеттігін сезініп, үлкен бір рухани толғанысты бастан кешіргенімізді ерекше айтып өткіміз келеді.
А.АБАЙ,
Подгорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар