Бос жерлер ойландырады

Ақмола Медиа орталығында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина журналистермен өткізген брифинг барысында ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу және пайдаланылмай жатқанын мемлекет меншігіне қайтарып алу төңірегінде атқарылған жұмыстарды пысықтап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, облыс бойынша 2015 жылдың 1 қарашасындағы жылдық жер балансына сәйкес, Ақмола  облысының аумағы 14,6 миллион гектарды құрады. Оның ішінде 10,6 миллион гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер болса,  5,6 миллион гектары егістік те, 4,3 миллион гектары жайылымдық.
Облыста 2012-2014 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мақсатында 11178 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жүргізілді. Соның нәтижесінде 1110,3 мың гектар жер анықталды. Оның 261,2 мың гектары сот арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Осы орайда,  ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың да көмегі тиіп отырғанын айта кеткен жөн. Олар қандай да бір жер телімінің пайдаланылмай жатқанын айтып арыздана алады. Осы кезде, жергілікті атқарушы органмен құрылған арнайы комиссия аталған жерді тексеріп,  оның бос жатқанын анықтап, материал құрастырып, жерді тиімді пайдалану және қорғауды бақылайтын басқармаға жібереді. Мамандар әкімшілік шараның көлемін анықтайды.
– Ондағы мақсат жерді тартып алу емес, тиімді пайдалану,  жердің құнарлылығын жойып алмау, – дейді басқарма басшысы Алмагүл Қадыралина.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378 және 444 баптарына енгізілген өзгерістерге сәйкес пайдаланылмай жатқан жер үшін 10 есе көтеріңкі мөлшерінде салық салу көзделген. Осындай шаралардың арқасында биылғы жылы бюджет пайдасына 16,5 миллион теңге кіріс түскен.
Брифинг барысында екінші деңгейлі банктерде кепілде жатқан жерлерді қайтару, жеке меншік үй тұрғызу үшін кезек арқылы жер алу мәселесі айтылып, басқарма басшысы мен мамандары тарапынан тұшымды жауаптар алынды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар