«Жігер» байқауының жеңімпаздары

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысында өңіріміздегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы талқыланып, «Жігер» облыстық байқауының қорытындылары шығарылды.

Қазіргі таңда еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың саны 18 мыңға жуықтаса, облыста олардың саны 622-ні құрайды. Соның тек 160-ы ғана белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс-
ты орындау арқылы өңіріміздің дамуы-
на өз үлестерін қосуда. Өткен жылғымен салыстырғанда әлеуметтік тапсырысқа жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы 25 пайызға ұлғайтылған. 2016 жылдан бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір түрлерін азаматтық секторға беру шаралары нақты қолға алынбақшы. Әзірше, әлеуметтік салаға қатысты
23 мемлекеттік қызмет түрін арнайы аттес-
таттаудан өткен үкіметтік емес ұйымдар ғана атқаратын болады. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімова кеңес отырысында мәлім етті.
Ал, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов облыс орталығында 56, аудандарда 46 жастардың қоғамдық бірлестіктері барын атап өтті. Бұл басқармамен, әсіресе, «Зерделі ұрпақ», «Жасыл ел» қоғамдық ұйымдары тығыз байланыста жұмыс істейтін көрінеді. Қысқасы, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен ынтымақтастықтан нәтиже бар. Ақмолалық КВН командасының келер жылы Сочиде өтетін жарысқа қатысатыны соны айғақтайды.
Көкшетау қалалық әкімдігінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестік мәселесінде жастар арасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, тәртібі қиын балалармен жұмыс жөніндегі мәселелерге көңіл бөлетіндігі жайлы қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Андрей Подгурский айтып берді. 2016 жылы әкімдік бұл мақсатта екі әлеуметтік тапсырыс жариялайды деп күтілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов баяндамашыларды тыңдай келе, жаңа жылдан бастап әлеуметтік тапсырысты орындау шарттары қатаятынын, мемлекеттің қаржысын талан-таражға шашқан ұйымдарға қатысты қатаң шара қолданылатынын жеткізді. Қағаз жүзінде тіркеліп алып, іске келгенде шалағайлық танытатын бірлестіктер қысқартылады.  
Сондай-ақ, бұл күні үкіметтік емес ұйымдар арасында «Жігер» облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталды. Солардың қатарында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Sara», «Қазақ тілі мен мәдениеті», «Женский луч» қоғамдық бірлестіктері де бар.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар