Ысыраптан қайырымдылық жақсы

Жаңа жылдың той-думаны, дырду-дүрмегі аз емес. Әрбір ұжым жыл сайын жаңа жылды думандата атап өту дәстүрге айналған.

Биылғы жылы облысымыздағы ірі кәсіпорынның бірі – «Алтынтау Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әдеттегідей жаңа жыл тойын өткізуден саналы түрде бас тартып отыр. Бір күндік қызылды-жасылды қызыққа, әп-сәтте өте шығатын той-думанға ысырап ететін қаржыны қайырымдылық мақсатына жұмсауда. Кәсіпорынның жаңа жыл мерекесін өткізуге жоспарлаған қаржысы компанияның материалдық көмекті қажет ететін қызметкерлеріне, сондай-ақ, мүгедек балаларға берілді.
Таратып айтқанда, серіктестікте жұмыс істейтін 85 қызметкерге, яғни, көп балалы отбасыларға, отбасында мүгедек балалары бар, созылмалы және ауыр сырқатқа душар болған адамдарға
50 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Табиғаттың түрлі апаттарына ұшырағандар, бала асырап алған отбасылар да ұмыт қалған жоқ. Міне, осындай қайырымдылық көмектің көлемі 4 250 000 теңгені құрап отыр.
Кәсіпорын Көкшетау қаласындағы балалардың жүйке аурулары медициналық әлеуметтік мекемесіне де 1 миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *