Қуанышқа бөледі

Жаңа жылдық шыршаға мүмкіндігі шектеулі 40-қа жуық бала қатысты. Оларға Аяз ата мен Ақша қар және түрлі ертегілер кейіпкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлады.

– Акция ұйымдастырудағы мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі балаларды  қуанышқа бөлеу болатын,  –  дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлзада Жекебаева.
Шара барысында аудандық жастар орталығының қызметкерлері балаларға түрлі қызықты қойылымдар ұсынып,  мерекелік кештің ажарын аша түсті.
Жаңа жылға арналған әндер айтылып,  би биленіп, балаларға тәттілер де таратылды. Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақша қарды орталарына алып, ертегілер әлеміне саяхат жасады.

Аслан ОСПАНОВ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар