7 қаңтар – Рождество мерекесі облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Православ шіркеуі көптеген елдерде халықтың руханияты мен мәдениетіне тіреу болған тарихи дәстүрлерін және христиан дінінің  ақиқатын сақтау жолында абыройлы іс атқаруда.
Біртұтас елдің бірегей сан ғасырлық бай мұрасына сүйене отырып, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайтуға бар күшімізді салудамыз. Қазақстандықтардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарының арқасында бірнеше діндердің өркен жаюына мүмкіндік туып отыр. Жақыныңа деген махаббат, кез-келген адамға жанашырлықпен қарау, үлкендерді құрметтеу мен отбасылық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау – мемлекетіміздің аяққа нық тұруының іргетасы болып табылады.
Руханиятымызды, мәдениетімізді, қасиетті Отанымыздағы өзара түсіністік пен келісімді одан әрі нығайту үшін біз өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді көптеп сіңіруіміз қажет.  Осы орайда, православиелік дәстүрдің жанданып келе жатқаны қуантады. Өткен жыл ақмолалықтар үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Соның бірі ретінде Митрополит Александрдың біздің өлкеге келіп, жаңа шіркеу салынатын орынды қасиетті сумен аластау рәсімін өткізгенін айта кетуге болады.
Құрметті жерлестер! Христостың туған күні – Рождество мерекесі 2016 жылға жоспарлаған барлық мақсат-міндеттерімізді жүзеге асыруға күш берсін! Биылғы жыл өңіріміздің экономикалық әлеуеті артып, халықтың тұрмысы жақсаратын берекелі жыл болатынына нық сенемін.
Сіздерді осы айтулы мерекемен құттықтай отыра, барлықтарыңызға шын жүректен денсаулық, бақыт, үміттеріңіздің ақтала беруін тілеймін. Армандарыңыз әркез орындалып, жүздеріңізден қуаныш кетпесін. Отбастарыңызда әрқашан молшылық, тыныштық пен бейбітшілік орнығып, ағайын-туыстарыңыз аман болсын!  
 Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Қадірменді жерлестер!
Адам жанын ізгілікке бөлеп, көңілге қуаныш сыйлайтын Рождество мерекесі де келіп жетті. Бұл күннің православ дінін ұстанушылар үшін зор маңызға ие екендігі белгілі. Православие  хрис-тиандары елімізде конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға қомақты үлес қосуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының, елімізде тұрақтаған бейбітшілік пен келісімнің арқасында біз әр этносқа, кез-келген дін өкіліне, оның наным-сеніміне құрметпен қарап, барлық мерекелерді ынтымақпен атап өтеміз.
Сол сияқты, аталмыш мейрамды да қазақстандықтар құрмет тұтады. Әлемде түрлі лаңкестік әрекеттер орын алып жатқан мына заманда бізге тұрақтылығымызды, ынтамығымызды сақтап қалу өте  маңызды. Ал, бекем бірлікке осындай ізгілікке шақыратын мерекелер септесетін болады.
Осы жарқын мерекеде барлық діндар жамағатқа денсаулық, рухани күш-қуат, ізгі бастамаларыңызға табыс тілеймін! Әр үйден бақыт, игілік, тыныштық пен молшылық кетпесін! Рождество құтты болсын!   
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихат хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар