Зор міндет жүктейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары –қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында біздің алдымызда тұрған басты міндеттерді тағы бір саралап көрсетіп берді. 

Елбасы аталған мақаласында әр ұрпақтың өз арманы бар екенін, әсіресе, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа Қазақ елінің қол жеткізгенін айта келіп, әлемді жаһандық дағдарыс жалмаған уақытта ел экономикасының одан әрі дамуы үшін барлығымызды бірдей жұмыс істеуге шақырып отыр.
Өзіміз көріп отырғандай елімізде экономиканың дамуы үшін кең құлашты жоспарлар мен ауқымды шаралар қолға алынуда.  Оның ішінде кәсіпкерлікті дамытуға да зор көңіл бөлінген. Әсіресе,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа экономикалық саясат аясында жергілікті жерде іскерлік белсенділікті арттыруға зор көңіл бөлуде. Нақтырақ айтқанда, дағдарысқа қарсы және құрылымдық қалыптастырулардың негізгі бағыттары ретінде өңірлерде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріліп отыр.
Бүгінгі таңда республикада бизнесті несиелеу-ге қолайлы жағдай жасалынған. Мәселен, біздің «Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы зауыты» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үдемелі индустриялық инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылады. Аталған бағдарлама арқылы мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау көмектің арқасында кәсіпорын барлық бағытта өзінің жағдайын жақсартып алды.
Осы орайда,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы кәсіпорнының күкірт қышқылына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында өндіріс темір сульфидінен отандық шикізат – түйіршіктелген күкірт шығару үшін қайта жабдықталды. Қазіргі кезде,  күкірт қышқылын өндіруде италияндық «Desmetballestras.p.a.» компаниясының технологиялық жүйесі қарастырылуда.  Қолға алынған осындай жобалардың арқасында өткен жылы жалпы құны 732 миллион теңгеге 42 мың тонна өнім өндіріліп, 230 жаңа жұмыс орны ашылды.
Елбасының әр Жолдауы қазақстандықтарды қанаттандырып,  дұрыс,  тура жолмен келе жатқаны  сенімді нығайта түседі. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында алға қойып отырған міндеттері ауқымымен ғана емес, нақтылығы және терең ойланып барып,  ақылға салынғандығымен ерекшеленеді. Бұл ретте, жобаларды жүзеге асыруда сандар мен көлемі сөз болып отырған жоқ. Ұйымдастыру және техникалық жобасы жағынан нақты қаржы көзімен бекітілгені қуантып отыр. Бүгінгі таңда барша қазақстандық өздеріне Елбасы үлкен сенім мен жауапкершілік артып отырғанын жақсы түсінеді.  Сондықтан,  өз басым облыстағы іргелі кәсіпорын басшысы ретінде өзімізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып,  өңірдегі  өндіріс орындарының алды болуға бар ұжым болып, күш-жігерімізді қосатын боламыз.
Ерлан МӘМИ,
«Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы
зауыты бірлескен кәсіпорнының директоры.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар