Үміт күтеміз

Ақмолалық битлоншы Роман Ерёмин жасөспірімдердің IBU кубогының үшінші кезеңінде спринтерлік қашықтықта қола медалді жеңіп алды.

Жарыс Швейцарияның  Ленцерхайд қаласында өтті.  Екі ату нысанасы бар он шақырымдық спринтерлік қашықтықта Роман өз шеберлігімен көзге түсіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Жерлес спортшының жаттықтырушысы Александр Мухиннің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы бұл додаға қызығушылық зор болған. Жарысқа әлемнің 32 елінен 200-ден астам биатлоншының қатысуы да осы пікірдің бір дәлелі іспетті. Осындай байрақты бәсекеде жүлдегерлер қатарынан көрінген Романнан алда да үміт күтеміз.
Ақмола медиа орталығының ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар