Көңіліміз толмады

Қазіргі әндердің сапасыздығы, халық көңілінен шықпайтындығы жайлы  мәселе газет беттерінде, теледидарда талай рет көтеріліп келе жатқанымен, әншілеріміз мұны елең қылар емес.

Керісінше, эстрадада жүрген жастар одан сайын әннің қадірін кетіріп бара жатқандай.
Бұлай дейтін себебім, телеарналарда кейбір әншілердің  биылғы жаңа жылға арнап орындаған әндері көңілімнен шықпады. Мерекелік концертті отбасымызбен бірге тамашалайық деп, көгілдір экран алдына отыра қалып едік, әлгі әндерді естіп демалудың орнына, шыны керек, бір түрлі жабырқап қалғандаймыз. Сол күні бізбен бірге теледидар көрген қарт анамыз да «мыналарды әнші емес, биші деп атағанымыз дұрыс болар» деп қайталай берді.
Расымен де, өнер жолына кейінгі кездері келген әншілердің қайсысын  алып қарасақ та, сахнада айтқан әндерінен гөрі оңға, солға секірген, шаштарын олай да, былай да желпіген қимылдары басым. Тек билегенде ғана жан кіретін  мағынасыз әндер көбейіп барады. Мәселен, продюсер Баян Есентаеваның жаңадан құрған «КешYOU», «Алау» топтары мен «Ringo», «Лашын», «Индиго» топтарының, Мақпал Исабекова, Әли Оқаповтың  айтқан әндері жүрекке жетті деу қиын.
Өнер адамын биікке көтеретін, құрметтейтін халық болғаннан кейін, әншілер де тыңдарманға мәнді, мағыналы ән ұсынса екен дейміз. Қазақ эстрадасында көп жылдық тәжірибесі бар аға, апаларымыз жастарға ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін аздап үйретіп, жол көрсетсе, жағдай түзелер еді деп ойлаймын.    

Аягөз МҰХАМБЕТЖАНОВА,
Ақан орта мектебінің мұғалімі.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар