Ел қуатын арттыруға бағытталуда

Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет Қазақстанның  жаңа  экономикалық  саясаты – «Нұрлы Жол» бағдарламасын әзірледі. Осы орайда, алда тұрған міндеттер  Президенттің ел халқына арнаған биылғы Жолдауында кеңінен қамтылды.

Жолдау дағдарысқа қарсы шараларға және біздің экономикалық құрылым реформасына бағытталған. Мемлекет басшысы «5 институционалдық  реформаны жүргізуге жүз нақты қадам» Ұлттық жоспарын белгілеп берді. Парламент  Ұлт жоспарын заңдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс  жүргізуде. Сексеннен астам  заң биылғы жылдан бастап қолданысқа енгізіліп, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік бөгеттер алынады. Сол сияқты, білім және денсаулық сақтау салалары мен мемлекеттік басқарулар  оңтайландырылады. Сондай-ақ, 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» да айқындалды.
Біздің салада пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің «CRIRSCO» халықаралық стандарттар жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдаланудың ашықтығы мен болжамдылығы арттырылады. Ол үшін әлемдік үздік тәжірибені пайдалана отырып, келісімдер жасаудың оңтайландырылған әдісі  енгізіледі. Бұған дейін еліміз үшін сыртқы нарық қолайлы болып, мұнай мен өзге де экспорттық өнімдерді шетке саттық. Экспорттан түскен кірістер Ұлттық қорға  жіберілді. Ол біздің экономиканың сыртқы әсерлерге төтеп беру қабілетін нығайтты. Кейін әлемдік экономикалық дағдарыс белең алып, табиғи ресурстардың бағасы күрт төмендеді. Алға қойған міндеттерді қаржысыз жүзеге асыру мүмкін еместігінен, Елбасы  Ұлттық қордан әр жыл сайын 3 миллиард доллар қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Республикалық бюджетті қайта қарауға  тапсырма берді.
Жыл сайын геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуде. Өткен жылдан бастап Солтүстік Қазақстан өңіріне 1 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Көкшетау қаласындағы Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің «СолтүстікҚазЖерқойнауы» Солтүстiк Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті  Солтүстік Қазақстан аумағында,  соның ішінде Ақмола облысының Бурабай, Еңбекшілдер және Зеренді аудандарында, Қостанай  және Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттiк геологиялық зерттеуді, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалануды, ондағы басқару  функцияларын бақылауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан аумағында жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жұмыстары одан әрі жүргізілуде.
«Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы Зеренді ауданындағы Бөгенбай би ауылы маңында алтын іздеу жұмыстарын қолға алып отыр.  Мұндағы мақсат – Лосевка алаңында алтын, өзге де пайдалы қазбалардың көзін табу. «Қостанай іздестіру-барлау экспедициясы» серіктестігі Солтүстік Қазақстан облысының Үлкен Қарой алаңында болжау жұмыстарын жүргізіп, осы жердің геологиялық картасын жасауда.
Сөйтіп, пайдалы қазбалардың болжаулы ресурстарын бағалауға кірісудеміз. «Геобайт – Инфо» серіктестігінің күшімен  Қостанай облысындағы Түлкісай учаскесінде алтын және өзге де металдар іздестірілуде. Мұндағы жұмыс 45 шаршы шақырым алаңда техникалық әдіспен жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан аумағындағы барлық жұмыстар  біздің мемлекетті нығайту, геологиялық және тау-кен өндірісі саласының дамуын қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар. «Нұрлы жол»  жаңа экономикалық саясаты да бізден осыны талап етіп отыр.

Ербол ӘДІЛХАНОВ,
«СолтүстікҚазЖерқойнауы» өңіраралық геология және
жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар