Белсенді жұмыс жүргізуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау ісінде жастардан құрылған ақпараттық-насихат тобы белсенділік танытуда.

Мәселен, жуырда №12 агротехникалық колледжінде аудан жастарымен, ұстаздармен кездесу болып өтті.
Жиынды аталмыш насихат тобының басшысы Ырысгүл Жасенова ашып, өз сөзінде Елбасы Жолдауындағы негізгі аспектілерге көңіл бөлсе, топ мүшелері Данияр Мусин, Бауыржан Сұлтан, Абзал Өмірзақов, Олжас Амертағаев стратегиялық құжаттың бөлімдеріне кеңінен тоқталды. Жастар «Нұр Отан» партиясының ХҮ съезінде Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегия-
сында айтылған жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналуы тиіс екенін атап айтты.
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында екенін түсінген жастар жиында сөз алып: Біз, колледж жастары, Жолдау-да айтылған бастамалардың іске асуына белсене қатысып, еліміздің соның ішінде Егіндікөл ауданының өркендеп гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек, – деген пікірлерін білдірді.  Кездесу соңында болашақта  аудан жастары өздерінің дұрыс шешімін қабылдап, өз елді мекенінде еңбек етеді деген ойдамыз, – деді  колледж жастарының белсенділігін көріп, ұстаздарға алғысын айтқан аудандық филиалдың консультанты Сағынтай Жанғылышев.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар