Мемлекеттік қызмет жетілдіріледі

 «Ақмола Медиа орталығында» Ақмола облысы бо-йынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен мемлекеттік қызмет саласындағы реформа туралы  брифинг өткізді.

  Іс-шараның мақсаты – бірінші институционалды реформа аясында кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы қоғамды кеңінен ақпараттандыру.
Жыл басында күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне біржола өтудің құқықтық негізін айқындап бергелі отыр.
– Бұдан былай мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдарда жұмыс өтілі болғанда, ішкі конкурс өткізу жолымен – әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызметшілерін қамтиды. Тиісті кандидат болмағанда басқалардың да арасында жүргізіледі, – деді Қуаныш Асылбекұлы.
Мемлекеттік органдардағы бос немесе уақытша бос төменгі лауазымдар үш кезеңдік іріктеу негізінде жалпы конкурс өткізу арқылы толықтырылады. Ал, «Б» корпусының кадр резерві институты таратылады. Сондай-ақ, ауысу институтына шектеу қойылып, «Б» корпусының басшылық құрамын ротациялау институты енгізілуде. Зейнеткерлік жасқа жеткендерді саяси қызметке қабылдау жүйесі қатаңдатылып отыр.
Сондай-ақ, брифинг барысында аталмыш департамент басшысының орынбасарлары Дархан Хайруллин Әдеп кодексінің негізгі қағидалары, әдеп бойынша өкілетті тұлғалар институтын енгізу жайлы түсініктеме берсе, Ерлаз Жайықбаев меритократия, тиімділік қағидаттарына негізделген кәсіби мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жайлы айтып өтті.
Жанат СӘБИТОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар