Жұрт кәсіподаққа сенім артады

 Облыстық кәсіподақтары орталығында «Қазақстан Республикасы Мәдениет, спорт және ақпарат салалары қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлованың қатысуымен Ақмола облыстық филиалы кеңесінің отырысы болып өтті.

  Облыстық филиал төрағасының орынбасары Қайырбек Қалибаев төрағалық еткен жиналысқа мәдениет және спорт салаларындағы кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты. Сөз сөйлеген «Ақмола облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі төрағасының орынбасары Ләззат Есжанова жаңа Еңбек кодексінің нормалары және міндеттері жөнінде түсінік берді. «Облыстың қалалары мен аудандарындағы кәсіподақ активімен өткізілетін жиналыстың кестесі мәдениет пен дене тәрбиесі және спорт басқармаларымен келісіліп жасалады. Аумақтық кәсіподақ бірлестігі кәсіподақ орталығының базасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу тәртібі және ұжымдық келісімшарт арқылы еңбек заңнамасында қарастырылған кепілдікті ұлғайтуға қол жеткізу тақырыбында  семинарлар өткізеді», – деді төрағаның орынбасары.
Сөйтіп, жаңа Еңбек кодексінің нормалары есепке алынып, кәсіподақ комитеттері ұжымдық келісімшартқа отыруға жауапкершілікпен қарайтын болды. Еңбеккерлерді құқықтық және әлеуметтік жағынан қорғау жұмысы ерекше бақылауға алынбақшы. Бұл еңбек дауы мен келіспеушілік жағдайлардың
туындамауына ықпалын тигізеді. Жиналыста бастауыш кәсіподақ ұйымдары қауіпсіздік және еңбекті қорғау кеңестерін тартып, келісім комиссияларының жұмыстарын жандандыру қажеттілігі жөнінде де айтылды. Ол үшін еңбек жөніндегі техникалық инспекторлар сайлануы тиіс. Ұжымдық келсімшартқа отыру кезінде кәсіподақ мүшелері үшін қосымша жеңілдіктер қарастырылғаны жөн. Сондай-ақ, еңбек қатынастары мәселелеріне қатысты шешім қабылдау кезінде еңбеккерлердің өкілдері міндетті түрде қатысады.
Жиналыста бұрын «Қазақстан Республикасы Мәдениет, спорт және ақпарат салалары  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы болған Ләззат Есжанова сөз сөйлеп, облыстық филиалдың өткен жылы атқарған жұмыстарына есеп берді. Оның айтуына қарағанда, көп  жұмыс атқарылған. Тіпті, көпбалалы жесірлердің пәтер алуына ықпал жасапты. Бұдан кейін Бибігүл Сәдуақасова, Кенжегүл Әубәкірова тәрізді бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. Делегаттар «Қазақстан Респуб-ликасы Мәдениет, спорт және ақпарат салалары  еңбеккерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағалығына Асан Әбдіралинді, оның орынбасарлығына Қайырбек Қалибаевты, тексеру комиссиясының, атқару комитеті және облыстық филиал кеңесінің мүшелерін сайлады.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар