«Ақ жол» партиясының тізімі тіркелді

«Ақ жол» партиясының тізімі тіркелді

35 кандидаттың ішінде бес ұлттың өкілі бар. 17 пайызы – әйел адамдар. Партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың орташа жасы – 46 жас, олардың ең жасы – 34 жаста. Партия ұсынған 8 кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Сондай-ақ, тізімде коммерциялық құрылымдардың, ғылым, мәдениет және білім беру қызметкерлері, партия аппаратының және ҮЕҰ-ның қызметкерлері ұсынылған.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК-ның отырысына қатысқан «Ақ жол» ҚДП-ның Төрағасы А.Т.Перуашевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәлігін тапсырды, сондай-ақ, «Ақ жол» ҚДП-нан партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктерін берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар