Нәзік жандылар белсенділігі

 

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында көшбасшы әйелдер мектебінің тұсаукесері, сондай-ақ,  іскер әйелдер қауымдастығының аудандық, қалалық филиалдары мен саясаткер әйелдер клубының алғашқы отырысы болып өтті.

 

Жиынға клуб мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Шарада сондай-ақ, көшбасшы әйелдер мектебінің ашылатынынан хабардар болған нәзік жандылар  да болды. Отырыста бірінші болып сөз алған  театрдың директоры, Көшбасшы әйелдер мектебінің жетекшісі Марал Жақыпова жиналғандарды мектептің  мақсат-міндеттерімен таныстырып, межеленген жұмыстар легіне тоқталды.
Отбасылық қарым-қатынастарды сақтау, әйелдердің іскерлік қабілеттерін арттыру, әлеуметтік әлеуетін жоғарылатуды көздейтін мектепте азаматшалардың білімін көтеруі де  жоспарлануда. Қатысушыларға  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова,  кәсіпкер Гаухар Хамзина, заңгер Әлия Төлегенова, психолог Юлия Сарсекеева дәріс оқитын болады.
Бұдан кейін Ақмола облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Дәмелі Қойшина  сөз сөйлеп, тындырымды жұмыстар атқару қажеттігіне назар аударды.    Жыл санап саясатта әйелдердің үлесі артып келе жатқаны жасырын емес. Біздің облыста бұл көрсеткіш шамамен 21,8 пайыз
көлемінде.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар