Екі партияның тізімі тіркелді

 2016 жылғы 6 ақпанда Орталық сайлау комиссия-сы «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК отырысына қатысқан «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы Ә.Ә.Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат кәуліктерін партияластарына беру үшін тапсырды.

 

 

8 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы сондай-ақ, Қазақстан коммунистік халық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

 

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ҚР ОСК отырысына қатысқан ҚКХП орталық комитетінің хатшысы Т.Ы.Сыздықовқа және ҚКХП Орталық комитетінің құрметті хатшысы В.Б.Косаревке Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың куәліктерін тапсырды.
Т.Ы.Сыздықовқа сондай-ақ, ҚКХП-ның партиялық тізімге енгізілген Мәжіліс депутаттығына барлық кандидаттардың куәліктері берілді.

 

 

2016 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 6 партиялық тізім ұсынылды.

 

Соның ішінде, «Нұр Отан» партиясының, «Ақ жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ХДПП-ның және ҚКХП-ның партиялық тізімдері тіркелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар