Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің «2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері туралы» есебі

Өткен 2015 жыл біздің мемлекетіміздің тарихи жылнамасын айғақтайтын жарқын да айтулы оқиғаларға толы болды. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы. Солардың ішінде сөз жоқ, ұлтаралық келісім мен татулықтың айрықша моделі, Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы да бар.
Әлемдік экономикада байқалған дағдарысты ескерсек, 2015 жыл күрделі, сонымен бірге, экономикалық және қаржылық оқиғаларға толы болды. Еліміз сыртқы факторлардың ықпалына ғана емес, сондай-ақ, жаңа жағдайға тап болды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда Мемлекет басшысымен қолға алынған ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі маңызды міндеттер тұр. Ең алдымен, бұл – бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам», Жалпыұлттық және дағдарысқа қарсы жоспарлар, үдемелі индустриалды-инновациялық даму, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау бағдарламалары. Мұның бәрі 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуына мүмкіндік береді.  
Республикамыздың экономикасының дамуына Ақмола облысы да лайықты үлесін қосып келеді. Өнеркәсіп орындары тұрақты жұмыс істеуде, ірі индустриялық жобалар іске асырылып, жаңа технологиялар енгізілуде, тұрғын үй, білім және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өткен жылы астықтың жоғары түсіміне қол жеткізілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы құрылыс жұмыстары көлемін 106,1 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, осының арқасында 2406 отбасы өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарта алды. Облыс экономикасына 199,3 миллиард теңге инвестиция, соның ішінде сырттан 14,2 миллиард теңге инвестиция  тартылды. Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі орташа айлық еңбекақының өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуының жақсартылуына жағдай туғызды. Облысымызда 2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуы бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталды.
Индустрияландыру картасы аясында
6 мыңнан астам жұмыс орны құрыла отырып, 166 миллиард теңгенің 60 жобасы жүзеге асырылды, олардың ішінде 43 жоба дайын өнеркәсіп өнімдерін шығаруға бағдарланған, оның 26-ы жоғары құнды өндірілген өнім. Инновациялық жобалар есебінен инновациялық белсенділік деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздан 7,3 пайызға өсті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны 18 есе артып, 92 бірлікті құрады. Түсті металлургия, құрылыс индустриясы, химиялық, азық өнеркәсібі кәсіпорындарымен өндіріс өсімі қарқындарының артуы өнеркәсіптің жалпы көрінісінде көрінді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 313,5 миллиард теңгені құрады. Физикалық көлемінің индексі 106,9 пайыз. Бұл республика облыстарының рейтингінде 1-ші орын. Алтын өндіруші кәсіпорындармен 20,8 тонна алтын өндіріліп, 80,1 пайызға өсті, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» ТМК» АҚ өндіріс көлемінің артуымен және «Райгородок» ЖШС өндірістік қуатының кеңеюімен байланысты. «Астана-Агропродукт» ЖШС, «КМЗ «Молоко Синегорья» ЖШС, «Milk Project» ЖШС кәсіпорындарының өндіріс көлемдері артуы есебінен ет өндіру 50,6 пайызға, өңделген сүт пен сары май  1,5 есе көбейді.
Өнеркәсіп өнімінің қосымша көлемдері «КЗ «Вектор» ЖШС кәсіпорындарын қамтамасыз етіп, комбайн өндірісінің көлемін 194 бірлікке дейін арттырды, ол 2014 жылдың деңгейінен 2,3 есе артық. «Astana-Nan Chemicals» ЖШС химиялық препараттарды өндіру көлемінің өсімі 168,9 пайызды құрады. 2015 жылы Индустрияландыру картасы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлем үлесі 32,4 пайызды құрады. 2015 жылы негізгі бағыттары тағам өнеркәсібі мен құрылыс материалдарының өндірісі болып табылатын 44,5 миллиард теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылды. 976 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Тағам өнеркәсібі саласында қалбырларды, шұжықтар мен ет жартылай фабрикаттарын өндіретін және сататын Көкшетау қаласында жылдық қуаттылығы  5 мың тонна «МПЗ «Бижан» ЖШС, Еңбекшілдер ауданында қуаты 140 миллион дана жұмыртқа «ҚазГерҚұс» ЖШС мен Целиноград ауданында қуаты 20 мың тонна «Capital Project Ltd» ЖШС бройлерлі құс фабрикасы кәсіпорындары пайдалануға беріліп, 463 жұмыс орны құрылды, ол аймағымызды жоғары өнімді және экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облысымызды құрылыс нарығының қолжетімді материалдарымен қамтамасыз ету үшін Целиноградта «Сапа Су» ЖШС темірбетон бұйымдарын, Ерейментауда кірпіш, Егіндікөл ауданында пескоблок, пеноблок пен газоблокты өндіретін жобалар жүзеге асырылды. Ерейментау ауданында республикамыздағы алғашқы ірі жоба, қуаттылығы 45 МВт  «Первая ветровая электрическая станция» ЖШС пайдалануға берілді, ол «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесіне қатысады. «ЕПК «Степногорск» АҚ салалық подшипниктердің 29 түрінің өндірісін игерді.
2015 жылы Жарқайың ауданында «Масальский ГОК» ЖШС қуаты 1 миллион тонна сұрыптық прокатты шығаратын болаттың жоғары маркаларының өндірісі бойынша перспективті инвестициялық жоба бастау алды. Жобаның жіберілуі келешекте 2731 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 2016 жылы облысымызда инвестициясының жалпы сомасы 73 миллиард теңгені құрайтын Индустрияландыру картасының 14 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Одан басқа, тұрақты негізде инновациялауға бағдарланған жаңа жобаларды енгізу мен жүзеге асыру жөніндегі мәселелер қарастырылуда.

Агроөнеркәсіптік кешен
Аграрлық сектор аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің 15 пайызынан астамын өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты міндеттерді орындау «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығының ішкі өнімін өндіру көлемі 263,1 миллиард теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғандағы өсім 2,1 пайыз.
Көктемгі дала жұмыстары тиісті деңгейде өткізілді. 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту жедел қарқынмен жүргізілуде. 2015 жылы 166 астық комбайны, 287 трактор, 81 егістік кешені сатып алынды. Ауыл шаруашылығы саласының энергиялық жарақтандырылуы 100 гектар алқапқа 124 аттық қуатқа дейін жеткізілді, ол әлемдік стандартқа сай.
Аграрлық сектордағы шаралардың барлық кешенін орындауға мемлекеттік қолдау аясында 16,2 миллиард теңге инвестиция жіберілді, ол 2014 жылғы деңгейден 2 миллиардқа артық. Көктемгі дала және күзгі орақ жұмыстарын өткізуге 5,2 миллиард теңге несиелік қаржы бөлінді, ол 2014 жылғы деңгейден 0,6 миллиард теңгеге артық. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 142 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілді. Бұл шаралардың барлығы тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізуге мүмкіндік берді, егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден айналып, 4,7 миллион тонна астық жинап алынды. Ішкі алымның 83 пайызы 3 және одан жоғары класқа сәйкес.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сұрыптарының тұқымдарымен аймақ толықтай қамтамасыз етілді (523,3 мың тонна тұқым құйылды). 1,6 миллион тонна шөп (1,5 жылдық қор), 126,5 мың тонна пішендеме (105,6 пайыз), 95,9 мың тонна сүрлем (100 пайыз), 248,3 мың тонна картоп (шығымдылығы 134,4 ц/га), 62,4 мың тонна көкөніс (шығымдылығы 143,4 ц/га) да-
йындалды. Ішкі азық-түлік нарығын қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Мемлекет және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұрақты өсімі жыл сайын қамтамасыз етілуде.
2014 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 2,8 пайызға, қой, ешкі 0,3 пайызға, құс 15,4 пайызға артқан. Сүт өндіру 2,6 пайызға, ет 10 пайызға, жұмыртқа 33,5 пайызға көбейді.
Мал өсіру мен селекциялық-асыл тұқымды жұмысты жақсартудың заманауи технологияларын енгізу есебінен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетінің жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2010-2015 жылдар аралығында 12 мыңнан астам етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды. Асыл тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша 19 шаруашылық құрылды. Нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малдың үлесі 7,3 пайыздан 16,5 пайызға дейін көбейтілді (61,9 мың бас).
Облыста жалпы қуаты 27,6 мың ірі қара мал болатын мамандандырылған бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Оның ішінде инфрақұрылым қуаты 18 мың бас болатын 7 ірі кәсіпорын бар. 2015 жылы 901,0 тонна сиыр еті экспортқа шығарылып, 700 тонна мөлшеріндегі жоспар 128,7 пайызға орындалды.   
 «Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды.
Екі бройлерлі құс фабрикасын енгізудің арқасында («АПП Астраханская птица» ЖШС мен «Capital Project Ltd» ЖШС) облыста құс етін өндіру 88 пайызға артты (2014 жылы – 4,1 мың тонна, 2015 жылы – 7,7 мың тонна).
Облысымыздың құс өсірушілері тағамдық жұмыртқаның ірі экспортшылары бола отырып астана мен облысымыздың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі оң нәтижелер қайта өңдеуді дамытуға мультипликативті әсер етті. 2015 жылы қайта өңдеуші кәсіпорындармен 52,2 миллиард теңгенің өнімдері өндірілді, ол өткен жылдағыдан 4,4 пайызға артық, ет өнімдері 34 пайызға
(8 миллиард теңге), сүт өнімдері 3 пайызға (13,6 миллиард теңге) артты. Астана базарларына 86,8 мың тонна сүт өнімдері немесе қажеттіліктің 45 пайызы, 20,9 мың тонна ет өнімдері – 50 пайыз, 217,5 миллион дана жұмыртқа – 100 пайыз жеткізілген.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде 2015 жылы жалпы құны 22,2 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде 11 астық сақтау қоймасы, құс шаруашылығы бойынша 2 жоба, сүтті мал шаруашылығы бойынша 1 жоба.

Шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнесті қолдау облыс экономикасының дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Жыл сайын мемлекет кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға барлық жағдайды туғызып отыр, несиелендірудің көздері мен көлемі ұлғайтылуда.
2015 жылы екінші деңгейдегі банктердің берген несиесі 39,5 миллиард теңгені құрады, ол 2014 жылғы деңгейден 1,6 есе артық. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 1,4 миллиард теңгеге 456 несие берген.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың аса тиімді тетігі болып табылады. 2015 жылы бағдарламаның бағыттарын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,8 миллиард теңге бөлінді. Аймақтық үйлестіру кеңесі жалпы құны 12,9 миллиард теңгені құрайтын 165 жобаны мақұлдады, соның ішінде кәсіпкерліктің нысандарына жетіспей тұрған инфрақұрылымдарды аяқтауға құны 7,7 миллиард теңгенің 2 жобасы, пайыздық мөлшерлемені қайта қаржыландыруға 4,6 миллиард теңгенің 101 жобасы мақұлданып, 10 кәсіпкер 28 миллион теңгенің мемлекеттік грантына ие болды, ішінара кепілдендірілген несиелендіруге 619,4 миллион теңгенің 52 жобасы мақұлданды.
Қаржыландырудың бөлінген көлемдері кәсіпкерлердің іскерлік белсендігінің артуына ықпал етті. 2015 жылдың үшінші тоқсандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артып, 137,1 мың бірлікті құрады. Өнімдерді шығару 301,3 миллиард теңгеге дейін немесе өткен жылғыдан 18 пайызға артты. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың үлесі экономикалық белсенді тұрғындардың 32 пайызын құрайды.
Облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кеңестер беру, қаржы институттарымен жұмыс шарттарын түсіндіру, кәсіпкерлер мен бизнесін жаңадан бастаған тұлғаларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде кеңестік қызметтер көрсететін операциялық залдары бар 18 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. 2015 жылы 10783 клиентке 20 мыңнан астам кеңес берілді.
Құрылған орталықтар бірқатар әкімшілік кедергілерді қысқартып, өңіріміздегі кәсіпкерліктің белсенді даму қарқынын жеделдетеді.  

Экономикаға инвестициялар
Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсімі белсенді инвестициялық іс-әрекеттің есебінен қамтамасыз етілген.
2015 жылы облыс экономикасын дамытуға 199 миллиард теңгеден астам тартылған, соның ішінде 14 миллиард теңге – сыртқы. Салымдардың негізгі өсімі 2014 жылғы деңгейге 5,5 пайызды құрады.
Инвестициялардың құрылымында қаржыландыру көздері бо-йынша 39,1 пайызы кәсіпорындар мен жеке салушылардың дербес қаржыларына тиесілі, соның есебінен 92 миллиард теңге игерілген.  
Республикалық бюджет қаржысының үлестік салмағы 38,9 па-йызды, жергілікті бюджеттікі 3,7 пайызды құрады. Банк несиелері мен басқа да заемдық қаржылардың үлесі  18,3 пайызды құрады.
Бюджет қаржысы әлеуметтік сала нысандарын дамытуға және жаңғыртуға, инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы мен қайта салуына, тұрғын үй құрылысы мен жолдарды жөндеуге бағытталды.
Шаруашылық субъектілерінің жеке және заемдық қаржылары есебінен ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамытуға, энергетикаға, көлікке, байланысқа және экономиканың басқа салаларына инвестициялар салынды.
Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде бюджеттік шығындарды «жеңілдету» үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі механизмі енгізілуде, оны жүзеге асыруға «НК «СПК» Есіл» АҚ жанынан «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аймақтық орталығы» ЖШС құрылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі және орта білім беру, денсаулық сақтау нысандарының, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бо-йынша инвестициялық жобалардың портфелі жинақталды. Аталмыш жұмыс 2016 жылы жалғасатын болады.

Сыртқы экономикалық
қызмет
2015 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 772,9 миллион АҚШ долларын құрады.
Экспорттық тауарлар  уран мен бидай төңірегіндегі жағдай әлемдік нарықта біршама өзгерген, сұраныс пен баға да төмендеп кетті. Сондықтан, басқа экспорттық ұстанымға топталу, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнімнің тізімдемесін кеңейту міндеті қойылды.
Тағам мен сусын өнімдері есебінен экспорттық тасымалдау-ды ұлғайту басым бағыттардың бірі болып табылады, оларға  деген сұраныс тұрақты болып қалуда. Облыс ет өндіретін мал шаруашылығын дамыту арқылы болашақта сиыр еті мен ет өнімдерінің ірі көлемін экспорттауды жоспарлап отыр.
Облысымыздың ұн өндіруші кәсіпорындары, «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Арыс-
тан» СТЗ» экспорттық үлкен әлеуетке ие және бүгінгі күні Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне өз өнімдерін шығаруда. Сондай-ақ, ЕврАзЭҚ елдеріне «Молоко Синегорья» Көкшетау май зауыты, «Milk Prodject», «Астана Агроазық», «ҚазГерҚұс», «Agro Trading» серіктестіктері жаңа өнімдерін шығарып отыр.
Тұрғын үй құрылысы
2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы құрылыс саласына құйылған инвестиция көлемі 27 миллиард теңгені құрады, сөйтіп, 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты.
2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысына 4,2 миллиард теңге бөлінді (оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша 2015-2019 жылдарға 1,0 миллиард теңге).
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлемі 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 105,3 пайызын құрады.
Жалпы тұрғын үй алаңының ішінде жекеменшік тұрғын үй құрылысының алатын үлесі 60 пайыз (178 мың шаршы метр).
Коммерциялық құрылыс салушылардың есебінен 36,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін Зеренді селосынан 21 пәтерлі, Көкшетау қаласынан 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Облыс орталығы Көкшетау қаласынан тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша бір 45 пәтерлі, үш 30 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді (екі 30 пәтерлі үй «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша).
Сонымен қатар, Көкшетау қаласында 35 және 45 пәтерлі жас отбасыларына арналған тұрғын үй салынды.
Жекеменшік тұрғын үйлер қатарының өсуіне жағдай жасайтын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды тарту үшін  2015 жылы 1,7 миллиард теңге, оның ішінде Целиноград ауданындағы Қосшы селосын дамытуға қажетті инженерлік желілерді салу үшін 0,9 миллиард теңге бөлінді.
2016 жылы тұрғын үй құрылысына 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр. Биылғы жылы жекеменшік үйлер мен коммерциялық тұрғын үйлерді есептегенде 222,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақшы.
Еңбекпен қамтудың жол картасы бағдарламасына сай, Есіл ауданының Калачи және Красногорск селоларының тұрғындарын көшіруге байланысты Есіл қаласынан 45 пәтерлі үй салынып, Державинск қаласында 75 пәтерлік үй жаңғыртылды.  Төтенше жағдайлар желісі бойынша Целиноград ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін Ақмол және Қосшы селоларынан екі 45 пәтерлі, Оразақ ауылынан 100 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
«2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту бойынша 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 4 үй және қайтармалы қаржы есебінен Көкшетау, Степногорск қалаларынан 4 үй жөнделді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу энергетикалық инфрақұрылымды дамыту саласында 2,7 миллиард теңгенің
3 жобасын жүзеге асыру басталды.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету шаралары үшін 3,5 миллиард теңге бөлінді.
Степногорск қаласы (Бестөбе кенті) мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге, су желілерін қайта жаңғыртып жөндеуге қаржы бағытталды. 2015 жылы 6 елді мекеннің сумен қамту нысандарын қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асыру аяқталып, су желілеріне күрделі жөндеуге байланысты бір сметалық жобалау жасалды.
Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейі 58 пайызды, қалалық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейі  86,7 пайызды құрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындарының саны 14,6 мың адам болатын елді мекендерді сумен жабдықтау жағдайы жақсартылды, 211,2 шақырым су жіберу желілері тартылды.
2015 жылы жер асты суларын іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу міндеті жергілікті атқарушы органға берілді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 0,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 77 ауылдық елді мекендердің және 4 жер асты  су қорын анықтау хаттамасы алынды.
2016 жылы сумен қамту және суды шығаруға арналған құны 0,5 миллиард теңге болатын 5 нысанды іске қосу жоспарланған.
2016 жылы іздеу-барлау жұмыстары үшін республикалық бюджеттен 0,5 миллиард теңге бөлінді (42 село мен 2 жер асты су көзінің жұмысы аяқталып, 19 елді мекенге қатысты жұмыстар  және 1 сметалық жобалау жұмыстары басталды).

Көлік инфрақұрылымын
дамыту
2015 жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге 6 миллиард теңге қаржы бөлініп, соның нәтижесінде 84 шақырым жергілікті маңызды жолдар жөнделді.
Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында жаңа құрылыс аумағында көше жолы желісі салынды. Облыс орталығы Көкшетау қаласында, 5 астаналық аймақтағы елді мекенде,  8 шағын қалада және 8 аудан орталығында, сондай-ақ, Степногорскінің айналасында көше жолдары желісі жөнделді.
 Ұзындығы 4 шақырым болатын Астана-Қостанай автокөлік жолы бойындағы Есіл өзенінен өтетін көпірі бар Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минский және Воздвиженка-Талапкер автокөлік жолы учаскесіне күрделі жөндеу жасалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен су тасқынының залалды салдарын жою мақсатында  Аршалы және Шортанды аудандарында 45 шақырым автокөлік жолы және Бұланды, Целиноград аудандарында 4 жасанды құрылғылар жөндеуден өткізілді.
Жолаушы тасымалын дамытуға да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінеді. 2015  жылы қоғамдық жылжымалы көлік құрамының 7,3 пайызы жаңартылды.
6 елді мекеннің үстінен өтетін «Ақкөл-Новорыбинка» және «Жақсы-Қима» бағытындағы жаңа бағыттар ашылды (Ақкөл ауданындағы Новорыбинка, Киров, Домбыралы селолары мен Жақсы ауданындағы Қима, Подгорный, Белағаш, ауылдары). Сондай-ақ, Ақкөл ауданындағы «Ақкөл-Наумовка» бағыты Астанаға дейін ұзартылды.
Елді мекендерді тұрақты жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету көлемі 75 пайызға дейін жеткізілді.
Көкшетау қаласының әуежайынан Алматы-Көкшетау-Алматы, Ақтау-Көкшетау-Ақтау бағыты бойынша 2 әуе қатынасы жүргізіледі. Москва-Көкшетау-Москва және Атырау-Көкшетау-Атырау бағыттарын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жасалуда.

Аумақтық даму
Облысымыз астаналық аймақ болғандықтан Астана қаласының айналасынан сауда-саттық белдеуін дамытуға көбірек көңіл бөлу керек.
Осы іске облысымыздың әр аумағы белсене атсалысуда. Өткен жылдың өзінде Астанамыздың сауда орталықтары мен арнайы дүкендеріне 86,8 мың тонна сүт өнімдері жеткізілген. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 17,5 мың тоннаға көп.  Ет және ет өнімдері бойынша 20,9 мың тонна, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1,4 мың тоннаға жоғары. Және 217,5 миллион дана жұмыртқа өнімдерін жеткізген. Өткен жылдан 4,3 миллион данаға көбірек.
2016 жылы Астана қаласын 52 пайыз ет, 48 пайыз сүт өнімдерімен және 100 пайыз ұн, картоп, жұмыртқамен қамтамасыз етуіміз керек.
Аумақтық дамудың негізгі бағыты ауылдық жердегі халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту.
Былтырғы жылы Астана маңындағы ауылдарды дамыту жобалары өз жұмысын жалғастырды.
Астана маңындағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы-
на 2020 жылға дейін 38 іс-шара өткізуге 5,7 миллиард теңге бөлінген.
2015 жылы осы бағытта келесі жұмыстар атқарылды.
– Целиноград ауданы Қараөткел ауылының, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының, Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының су жүйелері қалпына келтіріліп, Целиноград ауданы Ақмол, Қараөткел ауылдарының су мұнаралары қалпына келтірілді.
– Целиноград ауданының Ақмол, Қараөткел, Қызылжар, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат ауылдарының көше және жол жарығы жүйесі жөнделді.
– Целиноград ауданының Қараөткел, Талапкер ауылдары электр желісімен қамтамасыз етілді.
– 12 ауылдық пункттің құрылыс және даму жүйесі бекітілді.
2016 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 1,3 миллиард теңге көлік инфраструктурасының дамуы мен жөнделуіне, тұрғын үй құрылысы мен электрофикациялауға бөлінді.
2015 жылы Степногорск қаласының аумағын дамытуға 1,6 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Қала маңайының экономикасын әртараптандыру шеңберінде үш «салмақты» жобаны жүзеге асыру бекітілді. Өндірістік қуаттылығы 180 мың тонналық «Күкірт қышқылы зауытын қалпына келтіру» жобасы 2014 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен болған телекөпір барысында іске қосылған еді. Өндірісте 209 жұмыс орны құрылды, болашақта 219-ға дейін көбейтіледі. «Глифосадкалий тұзы глифоссадты гирбицид өндірісі» және «мұнай өнімдерін каталиттік өңдеумен айналысатын қуаттылығы 150 мың тонналық шағын мұнай өңдеу зауытын қайта құру» жобаларын іске қосу жұмыстары басталды.
«Степногорск қаласының инфрақұрылымын дамыту» үшінші бағдары шеңберінде 280 орындық балабақша құрылысы аяқталды, білім беру және денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді. «Өсу нүктесі» бағыттарының бірі Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту болып саналады.
2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыру жалғасуда. 2015 жылы 8 жобаны іске қосу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы шеңберінде Бурабай кентіндегі канализациялық тазарту құрылғысы, Бурабай аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысы жалғастырылуда, жоспарланған аумақтық, аудандық қала құрылысы жобасының кешені және Щучинск қаласының нақты жоспар жобасы аяқталды.
2016 жылы Щучинск-Бурабай курортын дамыту жоспары шеңберінде 963 миллион теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 619 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға Бурабай кенті жол желісін қалпына келтіру және салу жалғастырылады және Бурабай кентіндегі қазандық құрылысын Щучинск қаласы көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға (Пролетарская көшесі, Коммунистическая көшесі, Трудовая көшесі) Астана-Көкшетау шығар жолына дейін облыстық бюджеттен 344 миллион теңге қарастырылды. Инвестициялық тартымды жағдайды қалыптастыру, туристерді көптеп тарту мақсатында Ақмола облысында жалпы сомасы 47,5 миллиард теңге болатын 85 іс-шараны қамтыған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары (екінші кезең) жүзеге асырылуда.
Туристік әлеуеттілікті арттырудың және саланы өркендетудің қосымша көзі табиғат ресурстарын, оның ішінде емдік батпақтың, йод-бром қоспаларының  бай көздерін тиімді пайдалану болып табылады.  Бүгінгі таңда туризм еліміздің сыртқы экономикалық қызметінің ырғақты дамып келе жатқан саласы болып отыр.
Облысымызда қазіргі таңда 334 шипажайлық және қонақүйлік ұйымдар, 420 жол бойы қызмет орындары, 68 туристік фирмалар,
3 мемлекеттік ұлттық табиғат паркі: «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» және Қорғалжын мемлекеттік орнитологиялық қорығы бар.
2015 жылдың алғашқы 9 айы ішінде келушілер саны 174,4 мың адамды, туристік саланың көрсеткен қызметі мен атқарған жұмыстары 3,4 миллиард теңгені құрады. 2015 жылы 14 жаңа туристік инфрақұрылым нысаны құрылды. Өңірлік даму барысында облыс орталығы – Көкшетау қаласының дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша Көкшетау қаласын дамытуға 27,9 миллиард теңге инвестиция бағытталды, оның 11,3 миллиард теңгесі бюджет қаржысы.
Қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2015 жылы 7 көп пәтерлі тұрғын үй салынып пайдалануға берілсе, тағы 8 үй салыну үстінде.
2015 жылы облыс орталығын абаттандыру мақсатында облыстық бюджеттен 306 миллион теңге қаржы бөлінді. Абай-Мир-Әуезов-Набережный көшелері аумағы мен Бурабай ықшам ауданын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2015 жылы топтық резервуар құрылғыларын және лифт шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары онан әрі жалғастырылды.
Көкшетау қаласында лифтілерді қалпына келтіру үшін облыс бюджетінен  176,5 миллион теңге бағытталды. 27 лифт жөнделді және қалпына келтірілді. Степногорск қаласында 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 20 лифт қалпына келтірілді. 2016 жылы 21 лифтіні жөндеу жоспарланып отыр.
2015 жылы қала тұрғындарын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету мақсатында облыс бюджетінен 43,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі күні 227 газ резервуарларының 73-і (32 пайызы) жұмыс істейді.  Көп пәтерлі үйлердің тұрғындарын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету мәселесін 2014-2016 жылдарға арналған газ таратқыш қондырғыларды кезеңімен қалпына келтіру шараларының жоспары шеңберінде шешу жұмыстары жалғастырылатын болады.  Біздің облысымызда жылу электр орталығы құрылысын салу мәселесі маңызды болып табылады.
Көкшетау қаласы. Жобаны жүзеге асыру қала халқын жыл бойы ыстық сумен жабдықтауға, электр энергиясына тарифті түсіруге, жылу энергиясына тапшылықты шешуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру мақсатында инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған жобаны одан әрі жүзеге асыру үшін шетел инвесторларымен әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.  Көкшетау қаласындағы РК-2 қалпына келтіру және №4 қазандықты, кәріз, су жіберу желісінің құрылысын аяқтау бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде  қажетті құжаттар ұсынылып, банктің қазандық филиа-лымен зерделенуде және одан әрі Лондондағы бас банктің қарауына жіберілді.

Білім беру
Өткен жылы облыстың білім беру ұйымдарының қызметі  жалпы орта білім беруге жағдай жасау, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын және қолжетімділігін арттыруға бағытталды.  
Мемлекет басшысы ерекше назар аударған білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламаны қабылдау және балаларды жастайынан дамытуда мектепке дейінгі білім беруде айтарлықтай өзгерістер болды. 2015 жылы облыста  2730 орынға арналған 28 мектепке дейінгі мекеме (20 балабақша мен 18 шағын орталық)  ашылып, 1 және 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 60,5 пайызға дейін қамтуға мүмкіндік берді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 91 пайызды құрады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 4 білім беру нысанының құрылысы (Аршалы және Бұланды ауданында 2 мектеп,  Ақкөл және Степногорск қаласында 2 балабақша) аяқталды. 2016 жылы 5 білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланған.  Білім беру ұйымдарының жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуына да ерекше көңіл бөлінуде. Жалпы, құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 41 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті.  Оқушылардың оқулық,  оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрады,  жаңа модификациялық 36 бөлме ашылып, мектептердің 87,5 пайызы кең жолақты интернет желісіне қосылды.
Білім беру саласының негізі бағыттарының бірі – педагог кадр-ларды даярлаудың сапасы болып отыр. 2015 жылы жоғары және бірінші квалификациялық санатты педагог қызметкерлердің үлесі 49,1 пайызды (6717 мұғалім) құрады. Облыста жалпы білім беретін мектептерге 406 жас маман келді.
Жалпы білім беру қоры арқылы жүзеге асырылатын білім беру саласында оқушыларды әлеуметтік қолдау маңызды болып саналады.
2015 жылы жалпы білім беру қорынан міндетті орта білім үшін 400 миллион теңге бағытталды, мұқтаж оқушылар үшін киім, аяқ киім сатып алынды, сауықтыру үшін қаражат бөлінді, материалдық көмек көрсетілді, аз қамтылған 12 мың оқушы бір реттік ыстық тамақпен  қамтамасыз етілді, күн сайын оқушылар мектепке тасымалданады.
«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан 12 мыңнан астам мектеп оқушысына 92 миллион теңге көлеміндегі материалдық көмек көрсетілді.
Жыл сайын түрлі деңгейдегі олимпиада, интеллектуалдық курстар жүйесі арқылы дарынды балаларды анықтау және қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

2015 жылы республикалық олимпиада және ғылыми жарыстарға 130 оқушы қатысты, 48 жүлделі орын алды және ЖОО грантына ие болды. Халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстарға 62 оқушы қатысты, оның 25-і  жүлделі орын алды. Кәсіби және техникалық білім беру жүйесін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Облыста білікті жұмыс кадрларын және орта буын мамандарын даярлау 94 мамандық және 139 біліктілік бойынша 20970 студентті қамтитын 38 колледж-де жүзеге асырылады (ауыл және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, тау-кен ісі, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет мамандығы, энергетика, машина құрылысы технологиясы, көлік эксплуатациясы және тағы басқа), 13255 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда.
Өткен жылы Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында және Егіндікөл ауданының Егіндікөл ауылында аспазшы және фермерлік шаруашылық жұмыс мамандықтары бойынша ауыл жастарын даярлау үшін 2 агротехникалық колледж  құрылды. Жоғары кәсіби шеберлікті көтеру бойынша мамандық  алу үшін барлық жағдай жасалынған. Студенттердің халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулардағы жетістігі осының айқын дәлелі. Степногорск қаласындағы №2 индустриалды-техникалық колледж түлегі  Әділет Тәкежанов ұсташы ісі бойынша халықаралық WORLDSKILLS (Бразилия) және республикалық байқауда жеңімпаз атанды.
2015 жылы Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық мектеп республикадағы 820 колледждің арасында НАО Холдинг «Кәсіпқор» техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің 10 әріптестік колледж-дер құрамына кірді және «Мехникалық өңдеу» мамандығы, «Техник механик» біліктілігі, «Бағдарламалау» мамандығы, «Бағдарламашы техник» біліктілігі бойынша қазіргі заманғы 2 сынақ білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Облыста оқытудың дуалдық жүйесі даму үстінде, оған 15 мамандық бойынша 700  студентті қамтитын, экономиканың 7 саласы бойынша 16 колледж тартылған (металлургия және машина құрылысы, сервис, көлік (сала бойынша), құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, медицина) .

Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласының алдында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем қызметін жақсартып, аурудың алдын алу бо-йынша шараларды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау міндеттері тұр.  2015 жылы аталған саланы дамытуға 23,4 миллиард теңге бөлінді. Оның 22,1 миллиард теңгесі кепілдендірілген тегін медициналық жәрдемге жұмсалды.  Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен 815,4 миллион   бөлінді.
105 медициналық құрылғы, 13 санитарлық автокөлік, жедел медициналық көмек стансасын автоматтандыру үшін «АДИС» бағдарламалық қамтамасыз ету, 70 бейне бақылау камерасы сатып алынды. Бұған қоса, бюджеттік емес қаржыға, яғни, медициналық мекемелердің өз қаражаты есебінен 27,6 миллион теңгеге 71 медициналық құрылғы алынды. Бір медициналық мекемеге 3,1 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек (мекемеге қажетті жиһаз сатып алынды) көрсетілді.  Републикалық және жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау ұйымдарына 13 күрделі, 2 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық орталықтар мен республикалық клиникаларға еркін таңдау бойынша 9135 науқас жіберілді. Оның 20 пайызы жоғары сападағы медициналық жәрдем алған  ауыл тұрғындары. Кешенді алдын алу шаралары мен  емдеудің заманауи тәсілдерін енгізу нәтижесінде  облыста бірқатар әлеуметтік маңыздағы аурулар бойынша көрсеткіштердің тұрақталуы байқалып отыр.  Туберкулезбен ауыру 4,3, одан болатын өлім-жітім  12,2, онкопатология  6,7 пайызға  төмендеді.
2015 жылы облыста тұңғыш рет инсультпен ауыратындарды емдеу үшін ішкі бас сүйегі қантамырларының қабырғаларына тері имплантациялары әдісі енгізілді, экстрамодулді имплантантты қолдану арқылы сүйек сынықтары жабық күйде тез бітіп кетуі бойынша 40-тан  астам ота, иық  буындарын толық айырбастау бойынша ота, жоғары жақ сүйектерін қалпына келтіру бойынша ота жасалынды.
Қазіргі заманғы технологияны қолданудың нәтижесінде фтизиатрлық қызмет және 5 мың зертханалық  зерттеулерді жүргізудің арқасында туберкулез ауруына диагностика жасау мерзімі 3 айдан 2 сағатқа қысқартылды.  Республикамызда бірінші болып, екі кезеңде қанды «Т&В» модельдеу тәсілімен дайындауға байланысты донор қанын автоматты скринингтеу жүзеге асырылды.
2015 жылы Бұланды ауданында 25 орынға арналған «Арай» балалар туберкулезге қарсы шипажайы ашылды.  
Денсаулық сақтау саласында 1804 дәрігер мен 6074 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді, 339 дәрігер жетіспейді.
2015 жылы медициналық кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға  республикалық бюджеттен  6280 мың теңге, ал, облыстық бюджеттен  21603,8 мың теңге бөлінді.
684 дәрігер мен 2022 орта медициналық қызметкер  оқып келді. Жыл сайын бас дәрігерлер,  қала, аудан әкімдіктерінің өкілдері медициналық ЖОО-ға барып, ондағы түлектерді өз өңірлеріне, оның ішінде ауылдық жерлерге тарту бойынша жұмыстарды жүргізеді.
2015 жылы облысқа 102 жас дәрігер келіп, олардың бәрі жұмысқа орналастырылды. Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға да зор көңіл бөлінуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 5 дәрігерлік амбулатория және 1 фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы аяқталды. 2016 жылы 2 емхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Емханасы бар 1 аурухананың құрылысы жалғастырылады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жұмысының басты бағыттарының бірі – халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, осындай жаңа жұмыс орындарын ашу болып табылады.  2015 жылы 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 6,3 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 3,3 мың адам жұмысқа тартылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға 2015 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,2 миллиард теңге бөлінді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылымды дамыту есебінен жұмыспен қамту мақсатында 844 жұмыс орны ашылды. 33 инфрақұрылымдық жобалар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді,  оның ішінде 9 жоба мәдениет,  14 жоба білім беру,  7 жоба денсаулық сақтау және 3 жоба әлеуметтік қорғау бойынша.  3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.  2016 жылы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады.
287 адам кәсіпкерлік негізі бойынша оқытылып, құны 731 миллион теңгенің 306 шағын несиесі берілді. Оның 67 пайызы мал шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған,  қызмет көрсету саласында 14 пайыз, көлік және қойма  8,8 пайыз, қайта өңдеу өнеркәсібі 6,9 пайыз, құрылыс 3,3 пайыз. Бағдарламаға қатысушы 250-ден астам адам өз ісін ашып,  257 жұмыс орны құрылды.
Кадрларға кәсіби білім беру және қайта даярлау аясында 24 адам жұмысқа орналастырылды,  оның ішінде 639 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты,  430 адам жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.
Жұмыспен қамту қызметі арқылы 13,1 мың адам жұмысқа орналас-тырылды. Бұл жұмысқа орналасуға ниет білдіргендердің  96 пайызы. 3,7 мың адам қоғамдық жұмысқа жіберілді. Барлық қаржыландыру көздерінен 3068 аз қамтылған азаматқа 80,3 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Кешенді шараларды жүзеге асыру есебінен жалпы жұмыссыздық деңгейі жыл қорытындысы бойынша 4,9 пайыз, ресми жұмыссыздық 0,2 пайыз болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтығандар 0,9 мың адамға кеміді (2015 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы).
Мәдениет және спорт
Облыста мәдениетті дамыту, кәсіби өнерді мемлекеттік қолдау, көркемөнерпаздар шығармашылығы, мәдени құндылықтарды сақтау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді.
2015 жылы Ресей, Венгрия, Италия елдерінің тарихшылары,  халықаралық деңгейдегі ғалымдардың қатысуымен «Қазақ хандығына 550 жыл» өңіраралық музей фестивалі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған алыс және жақын 11 елдің өкілдерінің қатысуымен «Ғасырлар үні» фольклорлық этнографиялық ансамблі және орындаушыларының өңіраралық фестивалі тәрізді ірі 2 инновациялық жоба жүзеге асырылды.
Республикалық «Ғасырлар аманаты» – «Времен связующая нить» акциясы өткізіліп,  түсірілген қысқа метражды фильм және фотовидео альбом Тұңғыш Президент музейі қорына тапсырылды.
Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы және Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар Атбасар ауданы,  Зеренді ауданы және Көкшетау қаласында жоғары деңгейде аталып өтілді.
Өңірлік театрлар облысты халықаралық және республикалық фес-тивальдар мен конкурстарда лайықты көрсете білді. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Өскемен қаласындағы қазақ драмалық театрларының ХХІІІ республикалық фестиваліне және Беларусь Республикасының Минск қаласындағы ІІ халықаралық жастар театры форумына қатысты.
Облыстық орыс драма театры үздік театр ұжымдарының бестігіне кіріп, Ресейдің Екатеринбург қаласындағы «Коляда- плаус» халықаралық фестивалінде «Шығармашылықты дамытуы үшін» және «Алтын жұлдыз» дипломдарымен марапатталды, «Ассаламалейкүм» қуыршақ театрында Ақтөбе қаласындағы «Киндертеатр» жобасы бойынша өткен халықаралық фестивальдің дипломанты және Мари Республикасындағы Йошкар Ола қаласында өткен «Достық көпірі» халықаралық фестивалінде 2 аталымның иегері атанды.
«Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауына өңірдің 217 селолық округінен 12 мыңнан астам адам қатысты. Біздің облыстың көркемөнерпаздары мен әртістері халықаралық, республикалық фестивальдар мен конкурстарға қатысты. «Эсмиральда» спорттық-балдық билер ансамбліне қатысушылар «ASTANA OPEN-SPRING SERIES-2015» халықаралық конкурсының күміс жүлдегері атанып, 1 орыннан көрінді. «Полянка» би ансамблі Ресейдегі «Әлем дауыстары» балалар және жастар шығармашылығының халықаралық фестиваліне қатысты. Ерейментау ауданының «Ханис» эстрадалық би ұжымы «Көктем шұғыласы – 2015» хореографикалық би фестиваліне қатысып, «Эстрадалық би» аталымында Гран-при иегері атанса, «Модерн» аталымында 1 орыннан көрінді.
Атбасарлық «Кіші леди» сән театры «Сәлем Астана» республикалық конкурсында Гран-при иесі атанып, 1 орынды иемденді және Түркияда өткен «Әлемге қуаныш сыйла» халықаралық байқауына қатысқаны үшін сертификат алды. «Astana childrens festival» балалар фестивалінде 1 орыннан көрінсе, «Летний фейерверк-2015» халықаралық байқауында Гран-придің иесі атанды. 2015 жылы 198 концерт, 534-тен астам спектакль, 47 мыңнан астам әртүрлі мәдени шаралар өткізілді. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 127,8 миллион теңгенің 9 мәдениет нысаны жөнделді. Биылғы жылы Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығына, Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған маңызды шаралар өткізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту барысында ел тұрғындарының 30 пайызын спортпен жиі шұғылдануға тарту жөнінде міндет қойылды. Ол үшін салауатты өмір салтын насихаттап, инфрақұрылымдар мен спорттың бұқаралық түрін дамыту қажет. Бар спорттық базаларды сақтап қалу мақсатында Ақкөл балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне, Көкшетау қаласындағы триатлон бойынша спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұланды ауданының орталығы – Макинск қаласындағы және Шортанды ауданының орталығы – Шортанды кентіндегі жүзу бассейндерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар 2016-2017 жылдары аяқталады. Балалар, жасөспірімдер мен жастардың демалысын ұйымдастыру үшін қазіргі заманғы спорт алаңдары мен хоккей корттарын жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы 17 спорт алаңы, 5 хоккей корты, футбол алаңы жасанды жамылғымен жабылған және жүгіру жолдары бар стадион жабдықталып салынды. Екі стадион қалпына келтіріліп, абаттандырылды. Материалдық-техникалық базасы мен оның инфрақұрылымын жақсарту спортшыларды сапалы дайындауға ықпалын тигізіп, халықаралық және республикалық жарыстарда әртүрлі дәрежедегі 672 медаль жеңіп алуға мүмкіндік берді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 60 медальға артық. Облыстың спорттық ұйымдары 1 разрядты 133 спортшы, 255 спорт шеберінің кандидаттарын, 19 Қазақстан Республикасы спорт шеберін және 3 халықаралық кластағы спорт шеберін дайындады. Жалпы облыс бойынша 324 мың адамның қатысуымен үш мың бұқаралық спорттық шаралар өткізілді. Оның ішінде спорттың 9 түрі бойынша «Хрустальды масақ» ХХІХ облыстық қысқы спартакиадасы,170 адам қатысқан спорттың 10 түрі бойынша «Үміт» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы және «Құлагер» ұлттық және халықтық спорттың 12 түрі бойынша жарыстар, спорттың 10 түрі бойынша «Ақбидай» ХХVІІІ облыстық жазғы спартакиадасы бар.

Жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясаты негізгі басымдықтарын, жастарды қолдап, жан-жақты дамытуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы жастар саясаты шараларын жүзеге асыруға 140 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Өңірдің барлық қалалары мен аудандарында психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек беретін, жұмысқа орналастыруға ықпал ететін жастардың ресурстық орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. Орталықтардың жұмысын қамтамасыз ету үшін бюджеттен 125 миллион теңге бөлінді.
2015 жылы орталықтар 100 мың адамды қамтыған 1800-ден астам шара өткізді, жастарға мыңнан аса кеңес берілді, оның ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бар. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жұмыссыз жастардың деңгейі (2015 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша) 2,7 пайызды құрады. Ал, орташа республикалық көрсеткіш 4,2 пайыз.
Жастар тәжірибесіне 663-тен астам адам, оның 430-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жіберілді.
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандар үшін жағдай жасау мақсатында өңірде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2015 жылы 415 маман көтермеақысын алды. Тұрғын үй сатып алатын сомасы 547 миллион теңгенің бюджеттік несиелерін 199 адам алды. Жастардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында олардың еңбек отрядтарының жұмысын дамыту бойынша жоба жүзеге асырылуда.
 «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 2015  жылы 2400 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастарға қолдау көрсетіп, сапалы кәсіптік білім алуды ынталандыру үшін өңірде облыс әкімінің стипендиясы беріледі.  2015-2016 оқу жылдары стипендия төлеуге 65,5 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде облыс әкімі медицина мамандығы бойынша оқитын студенттерге бөлген 20 арнайы стипендиясы бар.  Өткен жылы жастар саясаты саласында 140 мыңнам  астам адамның қатысуымен 2000-дай іс-шара өткізілді. Оның ішінде «Студенттік көктем» дарынды жастардың фестивалі, инновациялық идеялар конкурсы мен «AKMOLA POWER» жобалары, «Жасыл ел» бағдарламасының 10 жылдығына арналған акция, Ақмола облысындағы Қазақстан жастары конгресі күндері және тағы басқалары бар.

Тіл және ішкі саясат
Өңірде тұратын барлық этностардың тілдерін сақтаумен қатар, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін кезеңдік гармониялық тіл саясаты жүргізілуде. Әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2015 жылы мемлекеттік тілде сөйлейтін ересек тұрғындардың үлесі облыс бойынша 62 пайызды құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 2 пайызға жоғары. Қазақ тілінде білім беретін мекемелердегі балалар саны балабақшалар мен шағын орталықтарда 70-тен 82 пайызға дейін, мектептерде 46-дан 47 пайызға дейін көбейді. Әр жыл сайын колледждерде қазақ тілінде оқытылатын студенттер үлесі жалпы студенттер санының 29 пайызын құрайды. Тіл саясатын дамыту үшін 19 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Оның 17-і  қазақ және ағылшын тілдерінде оқытады.
2015 жылы облыс бойынша 4882 тыңдаушы оқитын 448 топ ашылды. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту бойынша 1792 адам сертификат алды. Оның 790-ы мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік тілді қолдану саласын ұлғайту мақсатында жыл сайын мәнерлеп оқу шеберлерінің облыстық байқауы, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт жастарының қатысуымен облыстық форумдар, олимпиадалар өткізіледі.
Жүйелі жұмыстың арқасында мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. 2011 жылы іс-қағаздарын мемлекеттік тілде толтыру 86 пайыз болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 96 пайызға жетіп отыр.
Ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттар жергілікті атқарушы органдардың идеологиялық жұмысы. Бұл орайда ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекеттің басым бағыттарын насихаттау, тәуелсіздік Қазақстанның тұғырын бекем етіп, қоғамдық келісімді сақтау өз дәрежесінде жүргізілуде. Осы орайдағы табысты іс- қимыл  қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр.
Облыста 6 саяси партия филиалы, 12 әртүрлі конфессияның 216 діни бірлестігі, 622 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы құрамында 39 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының 92 ұйымы тұрғындарға ақпарат ұсынады. Оның ішінде 78 газет, 14 электрондық БАҚ, бұлардың 51 пайызы мемлекеттік емес ұйымдар. Өткен жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы тәрізді ауқымды оқиғалармен танымал болды.
Сондай-ақ, Елбасының қатысуымен Бурабай ауданында ТМД мемлекеттері басшылары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестерінің отырыстары болып өтті. Өткен жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының қатысуымен «Бурабай» спорт сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Ел тағдыры – менің тағдырым!» форумы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету
Облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар 170 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. (2014 жылы – 162 түрі) Есептік мезгіл ішінде 3 024 012 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы бір терезе әдісі бойынша 105 646, «электрондық үкімет» портал арқылы электрондық түрде 83 330 қызмет бар.
Елбасы қойған тапсырмаларды жүзеге асыру аясында облыс бойынша «электрондық үкіметті» дамыту, мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру, оларды электрондық түрге ауыстыру, оның ішінде барлық лицензия мен рұқсат құжаттары бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет санын 2014 жылмен салыстырсақ 2,6 есе, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1,4 есеге өсті. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бойынша тәртіп бұзу саны 2014 жылмен салыстырғанда 71 пайызға азайды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жұмысы жалғасуда.

2016 жылдың басымдықтары мен міндеттері
2016 жылы еліміз Республика тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Қазақстан тарихи өлшемнің қысқа мерзімін өткеніне қарамастан, осы уақыттың бөлігі таңдап алынған бастапқы жол бағытының дұрыстығын, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономика іргетасының дұрыс қаланғанын, сыртқы экономикалық ауытқуға шыдайтынын нақты көрсетеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жеделдетілді. Ұлттық валюта енгізілді. Экономика мен қоғамның дамуының заңнамалық негізі қамтамасыз етілді. Мықты кәсіпкерлік сектор құрылды. Нарықтық экономиканың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті институттар ашылды. Қолайлы инвестициялық климат пен ұлттық қор құру жұмысы жалғасуда. Әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына реформалар жүргізілді. Еліміздегі оң өзгерістер мен қол жеткізген жетістіктер біздің мемлекетіміздің экономика, саясат пен әлеуметтік саланың мықты іргетасын қалағанын айғақтайды.
Биылғы жылы облыстағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысы Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға бағытталады.
1. 2016 жылғы индустриялды сектордағы негізгі міндет:   мемлекеттік индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыруға белсене қатысу негізгі тапсырмалар болып табылады.  Индустрияландыру картасындағы инвестицияның жалпы сомасы 73 миллиард теңгенің 14 нысанын пайдалануға беру, өнеркәсіп кәсіпорындарының, оның ішінде Индустрияландыру картасына енген кәсіпорындардың нақты жұмысы жоба қуатына шығу, қолда бар резервтерді, оның ішінде игерілетін пайдалы қазбалар әлеуелетін есепке алып кешенді қолдану міндеттері тұр.
Жарқайың ауданындағы Масаль кен орнында темір рудасы қорын жасау, Зеренді ауданындағы Алексеев тау-кен орнының базасында каолин өндіру болашағы бар жобалар болып табылады. Бұл жобалар жоғары қосымша құны бар өнім шығаруға бағытталған. Индустрияландыру картасына енгізу үшін жаңа жобаларды сапалы жасап, дайын өнімдерді сататын әлеуеттік рынок табу.
2. Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың негізгі басымдықтары ауыл шаруашылығы өндірісін интенсификациялау болып қала береді. Ол ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымын арттыру және өндіріс шығынын азайту есебінен жүргізіледі. Өндіріс көлемін ұлғайтудың резерві мал шаруашылығын дамытудың мақсатты несиелік бағдарламаларына белсенді қатысу болып табылады. Әртүрлі қуаттағы 18 тауарлы сүт фермасын құру және «Алтын асық», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы малын сатып алудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау жөнінде міндеттер қойылды (50-ден 1000 басқа дейінгі сүтті сиыр бағытында).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды толық қуатына көшіруді қамтамасыз ету. Сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың қуатын 65 пайызға, ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың қуатын 70 пайызға, ұн өндірісінің қуатын 35 пайызға дейін ұлғайту көзделген.
3. Халықты жұмыспен қамтудың негізгі секторы болып табылатын шағын және орта бизнесті дамытуға басты рөл берілген.
Жалпы жергілікті өнім көлеміндегі шағын және орта бизнес өнімдерінің үлесін ұлғайту үшін индустрияландыру бағдарламасына кәсіпкерлердің қатысуын кеңейту, жоғары қосылған құны бар өнімдердің шығарылуын ұлғайтуға бағытталған болашағы зор бизнес-жобаларды жүзеге асыру басты міндет болып табылады.  Ол үшін ниет білдірген барлық азаматтарға өз ісін ашуға жағдай жасалатын болады, кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдаудың барлық инструменттерін, оның ішінде микронесиелер ұсыну да бар, максималды пайдалану үшін шаралар қолданды.
4. Экономикалық потенциалды өсіру мақсатында қолайлы инвестициялық климатты құру арқылы жекеменшік, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңы аясында облыстың барлық аймақтарында кем дегенде бір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде, әлеуметтік нысандар құрылысы, яғни, мектепке дейінгі білім мен денсаулық сақтау нысандарын салу көзделген. Одан әрі тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыру жоспарда тұр. Қайта құру және дамытудың Еуропалық банкі арқылы сыртқы инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасын табатын болады.
5. Әлеуметтік маңызы бар міндет – инфляцияның өсуін болдырмау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстау, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу сияқты іс-шаралар кешені ағымдағы жылы да жалғасын табады.
6. «Қолжетімді баспана – 2020» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады.
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы жағдайын жақсарту жүзеге асырылады.
8. Білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту жұмысы жалғасын табады.
2016-2020 жылдардағы қадамдық жоспарға сәйкес 3052 орындық мектепке дейінгі білімнің 31 нысанын ашу жоспарланып отыр.
Орта білім саласында ірі жалпы білім беретін мектептерде ресурстық орталықтар ашу арқылы аз комплектілі мектептерді қайта құрылымдау бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасын табады.
Еңбек нарығында қажетті сапалы мамандар даярлау – техникалық және кәсіби білім беру саласының басым бағыты болып қала береді.
9. Денсаулық сақтау саласында алғашқы медико-санитарлық көмекке, медициналық қызметті ұсынудың профилактикалық бағытына, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауды дамытуға  басты назар аударылатын болады.
Әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, ана мен баланы қорғау, білікті мамандар тарту бойынша мәселелерді шешу – осы саладағы жұмыстың басым бағыты болып табылады.
10. Тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарды оқыту және қайта оқыту, сонымен қатар, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру арқылы тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру ісіне баса назар аударылады. Сонымен қатар, жоспарланған шаралар аясында аталмыш санаттағы азаматтардың барлық тіршілік салалары нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.


Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар