Степногорск қаласында қала әкімі Әнуар Күмпекеевтің бастамасымен балалар мен жасөспірімдердің футзал лигасы құрылып, біріншілік өткізу қолға алынған еді. Таяуда сегіз айға созылған жарыстың қорытындысы шығарылды.

Үздіктер марапатталды

  Қалалық спорт сарайында ақтық кездесуде «Спарта» және «Ақсу» командалары бақ сынасты. «Спарта» командасы қарсыласын тізе бүктіріп, біріншілік жеңімпазы атанды. Ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. «Үздік қақпашы» атағын «Спарта» командасының ойыншысы Болат Сапаров иеленсе, «Үздік шабуылшы» мәртебесін «Ақсу» командасының ойыншысы Константин Макаров қанжығасына байлады. Командалық есепте жүлделі екінші, үшінші орынды «Степногорск» командасы өзара бөлісті.

Полатбек ЖАНБАЕВ.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар