Жүректен жүрекке

Достық үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында  Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» акциясы бастау алды.

  Жиында сөз алған Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова жиналғандарға қайырымдылық ұйымдарының, меценаттар мен донорлардың бірінші республикалық съезінде әр облысқа табыс етілген  акция рәмізі іспеттес  қоржынды көрсетіп, оны осы онкүндік барысында игілікті ету қажеттігін атап өтті.
Акцияның  бірінші күні кішкентай көрермендерге ұсынылған «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының «Ертегілер еліне саяхат» бағдарламасының берері мол. Жалпы, жеткіншектерді ізгі қасиеттерге баулу аталмыш акцияның басты бағыттарының бірі.
Игі шара барысында «Аялау» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған демалыс орталығы мен №20 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері,   №21, 12, 18 орта мектептердің оқушыларының қатысуымен қойылған театрландырылған көріністі де тамашалады.  
Шара соңында Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлім Бегалина мен «Сауда  Plast» серіктестігі төрағасының орынбасары Зарема Кокурхоева сөз сөйлеп, жиналғандарды  мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға шақырды. Одан кейін мүгедек балаларға сыйлықтар таратылды. Сонымен бірге, «Бари» армян этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Рузанна Дегоян мен Зере Қиықова ертегі кейіпкерлерін шебер сомдаған өнерпаз балғындарға сый-сияпат үлестірді. Акция тек облыс орталығында ғана емес, барлық аудандарда да қолдау тауып отыр.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар