Ауыл зиратын қоршап берді

 Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ауылдағы ағайынның біразы әртүрлі жағдаймен  қалаға бет түзеді. Небір ірі және шағын елді мекендердің орнында жұрты ғана қалды. Сондай тарап кеткен ауылдардың бірі – Атбасар ауданындағы Ерікті ауылы.

  Осы жерде бұрын ел болғандығының белгісі – ата-бабаларымыз жатқан ескі зират. Біз болсақ, тойған жерімізге тоғыз барып, туған жерімізден тамыр үзіп кеттік. Зираттың өзі ана бір жылдары қоршаусыз қалып, өрген мал, жүгірген аңның аяғының астында қараусыз қалған еді.
Алайда, қазақта «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген тәмсіл бар емес пе. Атадан асыл туған ауылымыздың азаматтары осы сөзді қаперлеріне алып, ақыры, ескі қорымды қоршады. Бүгінгі нарық заманында осындай сауапты іс атқарған кәсіпкер Рақымбек Жоламанов өз қаржысына жұмысшылар жалдап, құрылыс материалы мен басқа да шығындарын өзі көтерді. Ал, оның үлкен ағасы Жәлел Айтжанов зират қоршалып болған күні ауылдастарын жиып, үлкен ас беріп, қорымдағы марқұмдарға құран бағыштады. Осы екі атпал азаматқа елдің туып-өскен адамдарының және ата-бабалары мәңгі қоныс тапқан кісілердің үрім-бұтағы шексіз алғыстарын білдіреді. Екеуіне де бір Алла жар болсын! Менің де сонау Арқалықтан шынайы алғысымды білдірейін деп қолыма қалам алып, сіздердің редакцияларыңызға әдейі осы хатты жолдап отырған жайым бар.

Серік АХМЕТЖАНОВ.

Арқалық қаласы,
Қостанай облысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар