Державинск қаласының тұрғыны Сергей Филиппук өз жеке ісін ашты.

Көмек

Бұл оңай емес. Алғашқы қадам жасау да қиын. Дегенмен, тәуекелге бел буған Сергей өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінгенде, мамандар оның бетінен қақпай,  керісінше, қол ұшын созып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне көмектеседі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында алған несиесіне Ресейдің Челябі қаласынан жиһаз тақтайларын кесетін құрал-жабдық сатып алған кәсіпкердің ісі оңға басып,  тұрғындар тарапынан сұраныс та түсе бастады. Сергей алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді де көздеп отыр. Оның қаншалықты табыс-ты болары уақыт еншісінде. Алайда, дұрыс бағыт ұстанғанына анық көз жеткізуге болады.
«Арқа ажарының»
өз ақпараттары.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар