Толыққанды өмір сүруде

Бүгінде жасы 72-ге келген американдық Стивен Хокинг туралы көптеген кітаптар жазылып, фильм-дер түсірілген. Сондай атақ-даңққа бөленген бұл кім дейсіз ғой? Оған дәрігерлер 21 жасында екі жыл ғұмырың қалды деп үкім шығарады. Бірақ, ажалға бойсұнбаған ол тағдырын өзгертуге бел байлайды. Мүгедектер арбасына байланған Хокингтің аяқ-қолы түгел жансызданып, тек оң жақ көзі ғана қимылдайды екен.
Осындай халдегі пенденің тағдырмен күресуі ақылға сыйымсыз іс еді. Бірақ, қызығы сол, Хокинг тағдыр тәлкегіне мойынсұнбады. Ол ақыл-санасын шексіздік өлшеміне көтеріп, ғарышпен байланысқа түсті. Мүгедек жігіт планеталармен тілдесіп, жұлдыздармен сырласатын болды. Кітаптар жазып, тіпті, киноларға түсті. Өзі жалғыз оң көзінің жанары арқылы жұмыс жасайтын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Бүгінде толыққанды өмір сүріп, кітаптар жазып, киноларға түсуді одан әрі де жалғастыруда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар