«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекетттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Персоналды басқару қызметінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бос орын лауазымына конкурстар ұйымдастыру, аттестациялық, тәртіптік және конкурстық комиссиялардың жұмыстарын қамтамасыз ету, жеке істерді, еңбек кітапшаларын ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру, облыстық әкімдікке және Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жөніндегі департаментке мерзімінде есептер беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық  немесе гуманитарлық ғылым саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
2. Сәулет және қала құрылысы бөлімнің бас маманы (D-О-4 санат, 1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Облыс елді мекендерінің бас жоспарлары жобаларын талдау және келісу, бас жоспарлар жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу, бас жоспарларды әзірлеудің мониторингін жүргізу, нобайлы ұсыныстарды әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мамандығы бойынша техникалық ғылым және технология (құрылыс), өнер (сәулет, дизайн),  қызметтер (жерге орналастыру) саласындағы  жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне) 
(D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: МҚК базасы деректеріне ақпараттарды енгізуді қамтамасыз ету, жинау, өндеу, басқарманың интернет-сайтына ақпаратты орналастыру және жүргізу, облыс аудандарының аумақтарында жоспарланған, салынып жатқан, енгізілген объектілер бойынша мониторинг жүргізу, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер дайындау және беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мамандығы бойынша техникалық ғылым және технология (құрылыс), өнер (сәулет, дизайн),  қызметтер (жерге орналастыру) саласындағы  жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы
№06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негізінде жүргізілді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Бақылаушы ретінде қатысушыға тіркелу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне хабарласу қажет.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
1) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш;
2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлемдегі фотосуретпен толтырылған
сауалнама;
3) Нотариалды куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
4) Нотариалды куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) Белгіленген үлгідегі (№ 086/У) денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) Құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен қолданыстағы тестілеуден өткені туралы сертификат.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссия оны қараудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілетін жоғарыдағы 3) және 4) тармақтағы құжаттарды өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Ақмола облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасында үміткердің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар еткен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы “Арқа ажары”, “Акмолинская правда” газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсыру қажет.
Мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай көшесі, 87 үй, 213 бөлме. Анықтама телефондары: 8 (716-2) 40-10-17, факс: 25-47-42, электрондық пошта: obl_arhitektura@mail.ru

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар