Жас ұрпақ тәрбиесі үшін керек

Көкшетау қаласының құрамына кіретін Краснояр ауылында «Мерей» отбасылық клубының ашылуына орай, «Жанұя – тәрбие мектебі»  атты шара болып өтті.

 

Жас толқынды отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға  ата-аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері қатысты. Шара барысында кітапханашылар жиналғандарды клубтың жұмысымен таныстырып, «Отбасы – адамзаттың алтын ұясы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Сондай-ақ, Бақытжан Дусатова осы клубтың төрайымы болып бірауыздан сайланды.

Шолпан МҰХАМЕДЖАНОВА,
Краснояр кітапханасының кітапханашысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *