Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассам-блеясының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.
Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» экспозициясын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.
Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні – енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті тарихымыздың көптеген беттері биік моральдық құнды-лықтардың бірі ретінде алғыспен байланысты екенін атап өтті. Мемлекет басшысы сол қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақтары Қазақстанның қасиетті жерінде көрген қамқорлық пен қонақжайлықты қазір айрықша жылылықпен еске алатынын айтты.
Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан, қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді, – деді Қазақстан  Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде еліміздің көпэтностылық тарихынан сабақ алу қажеттігіне назар аударды. Елбасы бүгінде Қазақстанның алдында зор міндеттер тұрғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әл-ауқаты, қоғамдық келісім, тұрақтылық пен бірлік – Отанымыздың бақытты болашағының кепілі екенін айтты.
Ұлы дала елінің перзенттері мәдениеттер алуандылығын, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің құндылықтарын ана сүтімен бірге бойға сіңірген. Тарих және бабалар бізді осыған үйретті. Этникалық алуандылық біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы, – деді Қазақстан Президенті.

 

 

 

Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне орайластырылған «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды.

 

Режиссер А.Сатаевтың картинасының сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Фильм 1930 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде – ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде өрбиді. Тарихи драма Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда түсірілген. Жалпы, картина түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар