Шпал шығарады

Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «TransTechMash LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағаштан жоғары сапалы құрылыс материалдарын шығаруда.

Макинск қаласындағы жаңа өндіріс орны 2014 жылы Астана күніне тарту ретінде іске қосылған болатын. Қазіргі кезде кәсіпорын жұмысы қарқын ала бастады. Оның қуаты жылына
300 000 дана шпал, 5 мың текше метр тақтай шығаруға еркін жетеді.  
Зауыт «МЕСТ 78-2004» талабына сай жұмыс істеуде. Жоғары сапалы өнім кәсіпорынға бүгінгі нарықта өз орнын табуға септігін тигізуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар