Заңнамалық көмек көрсетеді

Ақмола облыстық әділет департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жергілікті кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі бойынша өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

  Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өткен шараға облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский және аталған палата директорының орынбасары Фатима Герфанова қатысты.
Еліміздің жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша көрсеткішін жақсарту және дамыған отыз елдің қатарына қосылуды көздейтін меморандумның мақсаты – кәсіпкерлік субъектісінің заңды қызығушылықтары мен құқықтарының сақталуын, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, оларды шешуге кешенді шараларды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
– Меморандум біріккен кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар тәрізді шараларды ұйымдастырып отыруды қарастырады. Осы меморандум аясында әділет департаментінің мамандары кәсіпкерлерге заңгерлік кеңес беретін болады, – дейді Анатолий Дермановский.

 Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар