Кітапханашылар

 Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаеваның қатысуымен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорларының кеңесі болып өтті.
Аталмыш отырыста өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сала басшысы  жүйенің жұмысына талдау жасап, алдағы міндеттердің бағдарын нақтылады. Мерзімді баспасөзге жазылу, кітапхана қорын толықтыру, үлгілі кітапханаларды құру мәселелері  де айтылды. Әсіресе, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Әлихан Бөкейхановтың, Жамбыл Жабаевтың, Шахмет Құсайыновтың мерейтойларына назар аударылды. Шара соңында Сәуле Бөрібаева жыл қорытындысы бойынша елеулі жетістіктерге жеткен орталықтандырылған кітапхана жүйелерін Алғыс хаттармен
марапаттады.
Бостангүл ЕРМАНОВА,
Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар