Қылқаламы өнерге іңкәр еткен

 Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінде Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің ашылғанына 60 жыл толуына орай, осы оқу орнының жас қылқалам шеберлерінің «Көктем тынысы» атты  сурет көрмесінің ашылу  салтанаты болып өтті.

  Көрме облыс мәдениетінің өркендеуіне айрықша үлес қосып отырған білім ордасының мерейтойын ескерусіз қалдырмай, білім алушы жастардың туындыларын жұртшылық назарына ұсыну, шығармашылығын насихаттап, көпшілік қауымды мәдени ошақтарға тарту мақсатында
ұйымдастырылған.
Көрменің ашылуына Ақмола облыстық мәдениет басқармасы, көкшетаулық зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттер, БАҚ өкілдері, суретшілер мен өнер қайраткерлері қатысты. Колледждің дизайн бөлімінің меңгерушісі Ұлболсын Мәмбетова мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, колледж ұстазы Дужан Мағзұмов оқу орнының жалпы тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі турасында айтып, жас қылқалам шеберлеріне шығармашылық табыс тіледі. Музей директоры Нұрбек Нұралы колледж ұжымының еңбегіне жеміс тілеп, Алғыс хат пен гүл шоғын тапсырды.
Көрменің ашылуы барысында колледж студенттері Толқын Жұмақас, Әйгерім Әзімқызы, Қуанышбек Мұхтаровтар ән-күйден шашу шашып, жиылған қауымның ризашылығына бөленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар