Керуенмен күймелетіп…

 Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының ұжымында да жалғасты.

 

Мерекелік шараның шымылдығы білім ордасының ауласына қойылған киіз үйдің маңында театрландырылған қойылыммен ашылды. Жас спортшылар «Алтыбақан», «Асық ату», «Арқан тарту» тәрізді түрлі ұлттық спорт ойындарымен бірге,  
«Беташар», «Шілдехана тойы», «Сүндет тойы» және «Тұсау кесу» сияқты салт-дәстүрлерді көрсетіп, шағын қойылымдар қойды. Шараға қатысқан қала әкімі Әнуар Күмпекеев білім ордасының ұжымын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамымен құттықтап, спорттық жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар,  осы күні мерекелік шараға қатысушылар мен қонақтарына нау-рыз көже,  бауырсақ тәрізді ұлттық тағамдар ұсынылды. Жергілікті көркемөнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарлама да мерекенің көркін одан әрі аша
түсті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар