Кәмелетке толмаған шылым шегуші жазаланды

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кәмелетке жасы толмаған Б. есімді жасөспірімге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Кәмелетке толмаған Б. Көкшетау қаласының орталығында шеккен темекісінің тұқылын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластаған. Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сотта істі қарау барысыңда кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушы анасы және қорғаушысының қатысуымен кінәсін толық мойындады. Әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.
2016 жылдың 17 наурызындағы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен кінәлі деп танылып, кәмелетке толмауына байланысты заңды түсiндiріп, ата-анасының қадағалауына беріп, тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауапкершіліктен босатылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 70-бабының 4-бөлігіне сәйкес құқық бұзушыға екі ай бойы ойын-сауық және ортақ пайдалану орындарына баруға тыйым салынып, оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына екі рет ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттелді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар