Баянды бастама

«Достар» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясының кеңейтілген отырысына қатысушылар   Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіне қызу үн қосты.

 

Президенттің Вашингтонда IV ядролық қауіпсіздік саммитінде жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесін иеленіп, халықаралық сарапшылар тарапынан зор қолдауға ие болғаны біздің бейбітсүйгіш  ел екенімізді тағы бір дәлелдей түсті. Облыстық коалиция төрағасы, партия филиалы төрағасының орынбасары Ғалым Бекмағамбетов Елбасымыз Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде әлемдік көшбасшылар мен бүкіл халықаралық қоғамдастықты ақыл-парасатқа шақыра білгенін айта келе, өткен ғасырларда адамзатты ғана емес, табиғат-ананы да тоздырған қателіктер енді қайталанбас үшін бейбітшілікті сақтап қалуға тырысуымыз қажеттігін еске салды. «ХХІ ғасыр. Соғыссыз әлем» бағдарламасын жүзеге асыру үшін, ең әуелі, қарудың жаңа түрлерінің шығарылуына тосқауыл қойылып, ядролық қарулардың сыналуын тоқтату қажет.
Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Жақсы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кәмиля Мұғалова, облыстық ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дуанбай Ыбырай, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Наталья Долгова, тағы басқалары бейбіт өмірге еш нәрсе жетпейтіндігін, ядролық полигондардың зардаптары жайлы тоқтала келе, Елбасының бейбіт саясатын қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, бұл күні өңіріміздегі конфессияаралық және ұлтаралық достықты сақтауға үлес қосып келе жатқан бірқатар этномәдени, қоғамдық бірлестіктер партия филиалының және облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.       

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар