Абайлаңыз, алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыз!

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалаудың 2016 жылға бекітілген басым бағыттарының бірі ретінде алаяқтық қылмыстардың алдын алу шараларын жүзеге асырудың маңызы зор болып белгіленген.

Алаяқтық түсінігінің астында бөтеннің мүлкін ұрлау немесе сенімділікті асыра пайдалану болмаса алдап арбау жолымен бөтеннің мүлкіне ие болу құқығын меңгеру, ол үшін мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан басталатын қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай алаяқтық жасаудың негізгі тәсілдері мен оны жасау әрекеттері көбейді. Ол азаматтарды та-уарлар сатып алу немесе қызмет көрсету ұсынысымен ақшалай қаражат алуы мен  қандай да бір мүлікті уақытша қолдануға алып қою, телефон арқылы алдау, жасанды құжаттарды қолдану болып табылады. Сондықтан, қылмыстың бұл түрімен күрестің тиімді жолы сізді алдауы мүмкін адамның айтқан мәліметтерінің анық-қанығына көз жеткізу.
Егер сізге туысыңыздың қиын жағдайға тап болғанын, одан шығу үшін белгілі сомадағы қаражат қажеттігін айтып қоңырау шалынса, әуелі туыстарыңызға хабарласып, мән-жайды анықтап алуға тырысу қажет. Белгілі бір ақшалай соманы ұтып алғаныңыз, акцияның жеңімпазы атанғаныңыз туралы келіп түскен СМС-хабарламаға жауап бермеу керек. Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу кезінде барлық операцияларды, сондай-ақ, ақшалай қаражаттарды қарызға алуды тек нотариус
арқылы рәсімдеңіз. Келісім-шарттың барлық тармақтарын мұқият оқыңыз. Келісімнің барлық ережелерімен келіскенше және түсінікті болғанша ешқайда қол қоймаңыз, қажет болған жағдайда білікті заңгерден кеңес алу үшін қосымша уақыт сұраңыз. Сізге түсініксіз болса түсіндіруді өтініңіз. Егер де келісім-шарттың қандай да бір тармағы жазбаша көрсетілмесе, тек ауызша болса, онда сізді алдау әрекеттері жүзеге асып жатқанын түсінуіңіз керек. Әртүрлі себеппен ол ұсынған іс-әрекеттің орындалуын кейінге қалдырыңыз. Істің мән-жайын анықтағанға дейін оған ақша бермеңіз, ешқандай құжатқа қол қоймаңыз. Болған оқиға жайлы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Сіз жоғарыда көрсетілген кеңестерді ескерген жағдайда ақшаңызды және мүлкіңізді сақтап қала аласыз.
Әсем УӘЛИЕВА,
 Көкшетау қалалық прокуратурасының бөлім
прокуроры, 1-ші сыныпты заңгер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар