ӨНЕРКӘСІП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТУРТЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ КӨҢІЛ СҮЙСІНДІРЕДІ

Кеше қазақстан республикасының Премьер-министрі кәрім мәсімов жұмыс сапарымен облысымыздың өнеркәсіптік аймағы степногорск қаласы мен курортты өңірі Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралады.

Сондай-ақ, салалық министрлік басшыларының қатысуымен жастарды жұмысқа орналастыру,  астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуі мен Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту туралы кеңес өткізді. үкімет басшысының жанында облыс әкімі сергей кулагин бірге болды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Үкімет басшылығына өнеркәсіп саласын дамыту бойынша жұмыс жасауды тапсырған болатын. Солардың бірі еліміздегі іргелі кәсіпорындар шоғырланған Степногорск қаласы деп атап өтуге әбден болады. Осы күні қаладағы ірі өнеркәсіп орындары аймақта бәсекелестікке төтеп бере алатын тиімділігі жоғары, қазіргі заманғы технологиялар бойынша жұмыс істеуде. Осы жұмыстардың барысымен және оны дамыту жайында  танысуға келген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қаланың іргесіндегі өнеркәсіп аумағында орналасқан «Степногорск-Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Аталмыш кәсіпорын осыған дейін жолаушылар және жүк вагондарына, тепловоздар мен электровоздарға қажетті подшипниктер шығарып келген болатын. Соңғы кездері теміржол саласынан сұраныс азайған соң кәсіпорын еуропалық үлгідегі подшипниктердің жаңа түрін шығаруды қолға ала бастаған.
– 2012 жылы кәсіпорынға «ЕПК-Мәскеу» ашық акционерлік қоғамының подшипник өндірісі номенклатурасын ауыстыру» инвестициялық жобасы аяқталды. Мәскеуде жабылып қалған зауыттан қажетті бөлшектер тасымалданды. Ол жақтан мұнда 370 қондырғы жеткізілді. Осының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша зауытта 10,3 мың тонна подшипник немесе 6 миллиард теңгенің өнімі шығарылды.
Биылғы жылдың басынан бері жаңа үлгідегі 71 мың дана подшипник немесе 12 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Дайын өнім Қазақстан мен Ресей нарықтарына саудаға шығарылуда. Жаңа өнімге сұраныс артуда. Келешекте зауыт бұл көрсеткішті одан әрі асыруды межелеп отыр, – деді кәсіпорын басшысы Александр Томилов.
Кәсіпорын жұмысына көңілі толған Үкімет басшысы одан әрі осындағы №2 индустриалдық-техникалық колледжде облыс жастарымен кездесіп, жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Алды-
мен білім мекемесінің директоры Елена Крайнева «Үдемелі индустриалдық-
инновациялық даму» бағдарламасы үшін кадрлар даярлаудың оқу үрдісімен таныс-
тырып өтті. Бұдан соң Премьер-Министр жастардың сауалдарына құлақ түріп, айтылған мәселелерді шешу жолдарын дөңгелек үстел басында талқылады.
Кездесу барысында «Дипломмен –  ауылға!»  бағдарламасы  бойынша жіберілген жас мамандар үшін көтерме ақы көлемін арттыру, жоғары сынып оқушылары үшін демалыс уақытында уақытша еңбекпен қамту бағдарламасын енгізу, жастар кәсіпкерлігін ұйымдастыру, құрылыс жасақтары тәрізді жұмысқа ор-
наластыру түрлерін қолдау тәрізді өзекті мәселелер айтылды.
Осы орайда, Кәрім Мәсімов «Жастар іс-тәжірибесі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Дипломмен – ауылға!»,  сондай-ақ,  «Жасыл  ел» бағдарламалары арқылы Үкіметтің жас мамандарды еңбекке орналастыруға ықпал ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар саясаты мәселелері Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында. Премьер-Министр Жам-
был облысында тамыз айының соңында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізуді жоспарлауда екенін айтты.  – Қойып отырған сұрақтарыңыз орын-
ды. Айтылған мәселелердің барлығын бірден шешіп тастау мүмкін емес. Министрліктерге көтерілген мәселелерді зерттеп, зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсыратын боламын.  Оның барлығы менің бақылауымда болады, – деді Кәрім Мәсімов.
Бұдан  кейін  Үкімет  басшысы «Қазақстанның жылыжай технологиясы» серіктестігінің жұмысымен танысты. Осы күні өңірдің индустрияландыру картасына енген кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Қазіргі кезде мұнда там-
шылата суару әдісі бойынша қияр мен қызанақтың түр-түрі өсірілуде. Барлық жұмыс автоматтандырылған, экологиялық жағынан таза өнім өндірілуде.
– Кешеннің аумағы 3,5 гектар. Биыл гек-
тар көлемін ұлғайту жоспарда бар. Алдағы 2017-2018 жылдары жылыжай көлемін 6  гектарға дейін ұлғайтып, құлпынай және қызанақ көлемін арттырамыз. Қазірдің өзінде 2,5 гектар жерге құлпынай өсіруді сынақтан өткізудеміз. Осы күні жылы-
жайда  100 адам жұмыс істесе, өндіріс көлемі ұлғайтылған кезде 150-160  адамға жетпек, – деп атап өтті кәсіпорын басшысы Александр Грибалев.
Одан әрі Үкімет басшысының сапары Бурабай ауданында жалғасты.
***
Үкімет басшысының бұдан кейінгі сапа-
ры Бурабай ауданында жалғасып, Щучинск қаласындағы «Мирас» көпбейінді мектеп-
гимназиясында білім саласындағы кейбір өзекті мәселелерге арналған мәжіліс өткізді. Ақмола облысы әкімінің орын-
басары Нұрлан Нұркенов облыстағы білім саласында атқарылып жатқан жұмыс жайында баяндады. Облыста бүгінгі күні 578 мектеп болса, олардың 401-і шағын жинақты мектептер. Онда 26582 бала немесе барлық оқушылардың 24 пайызы оқиды. Шағын жинақты мектептердің мәселелерін шешуде мектеп-
интернаттардың көп көмегі тимек. Облыс-
та қазіргі күні 1 мектеп-интернат және 14 мектепішілік интернаттар жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын көбейтуге, жақын орналасқан ауылдардың балаларын тасымалдау және тамақтандыру мәселесін шешуге арналған ресурс орталықтарын ашуға көңіл бөлінбек. Қазіргі күні 4,3 мың бала тасымалданады және осы мақсатқа  158 автобус бөлінген. Сөзінің соңында облыс әкімінің орынбасары орындардың тапшылығын жою мақсатында 12 мек-
теп салу жобасы ұсынылғандығын, осы ұсыныс Үкімет тарапынан қабылданса деген тілегін білдірді.
Қазақстан  Республикасы  Білім министрі Ерлан Сағадиев еліміздегі білім беру саласында қолға алынып жатқан жаңа істер жайында баяндап, биылғы оқу жылынан басталатын интерактивті сабақтар туралы айтты. Мұндай сабақтар балалардың білім алу сапасын көтеруге және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға игі ықпалын тигізбек.  Сондай-ақ,  электронды күнделіктер мен журналдардың енгізілуі балалардың оқу үлгерімін бақылауға және мұғалімдерді күнде сабақ жоспарларын дайындау сияқты көп уақыт алатын басы артық жұмыстан босатуға игі ықпалын тигізетін болады. Министр ұқсас пәндерді оқытатын мамандар даярлау жайының да шешімін тапқанын, бұл да өз кезегінде білім беру саласын оңтайландыруға игі әсерін тигізетінін тілге тиек етті. Бұдан кейін облыстың білім саласының өкілдері өз ой-пікірлерімен бөлісті. Еліміздің білім ошақтары таяу болашақта жаңартылған білім беру жүйесіне көшпек. Бүгінгі күні мектеп мұғалімдері осы мәселе жөнінде ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жаңартылған білім беру мазмұнына жаппай көшуге дайын-
дау мақсатында биылғы жылы бастауыш білім беру бағдарламасы бойынша 4514 мұғалімді, оның ішінде 1573 бастауыш сы-
нып мұғалімдерін біліктілікті арттырудың қысқа мерзімдік курстарынан өткізу жоспарланған. Қазіргі күні мұғалімдердің көбі осындай курстардан өтіп, жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайындалған. «Мирас»  көпбейінді  мектеп-
гимназиясының директоры Ж.Қайриденов мектептің бүгінгі жайы туралы баянда-
ды. 812 бала оқитын мектепте жақын маңдағы ауылдардан келген 126 бала интернатта жатып білім алады. Оларға барлық жағдайлар қарастырылған. Төрт мезгілдік тегін тамақ, демалыс және оқуға дайындық бөлмелері бар. Мектеп жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіне қосылған. Мәжіліс соңында Үкімет бас-
шысы білім саласындағы қордаланған кейбір түйткілді мәселелерді шешуге назар аударды. Осыдан кейін Премьер-Министр «Есіл Агро» серіктестігінің егін алқабында бо-
лып, биылғы егіннің жайымен танысты. Жаз айларындағы мол жаңбырдың әсерімен егін бітік болып тұр. Ендігі міндет сол астықты уақытында ысырапсыз жинап алу. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен өткізген мәжілісте Астана аумағынан азық-түлік белдеуін жасау жа-
йына назар аударды. Биыл тұрғындарының саны миллионға жеткен Елорданы азық-
түлікпен қамтамасыз етуде астаналық облыстың үлесі мол болмақ. Облыстың аграрлық саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндап, назар ауда-
ратын кейбір өзекті мәселелер жайында да айтты. Соның ішінде Елорда рыногында азық-түлік тауарларын сатуда кездесетін кейбір қиындықтар тілге тиек болды. Табиғи сүттен жасалған өнімдер ұнтақ арқылы дайындалатын өніммен бәсекелесе алмайды. Осы орайда, заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Сонымен бірге, өнімдерді сатудың орталықтанған базалық мәліметтерін құру қажеттігі де қазір анық байқалуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден кепілді өнім са-
тып алуды жолға қойған жөн. Бұл тауар өндірушілердің өз жұмысына сенімін арт-
тырып, өнім көлемін өсіруге игі ықпалын тигізбек. Бұдан кейін Үкімет Басшысы «Бу-
рабай даму» серіктестігінің табиғат мұражайында болып, мұрағаттармен танысты. Осы арада Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға арналған мәжіліс өткізді. Облыс әкімі Сергей  Кулагин осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, шешімін күткен кейбір өзекті мәселелерге назар аударды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында Щучинск-
Бурабай курортты аймағын дамытудың маңызы зор, дей келе облыс басшысы  2012-
2015 жылдар аралығында жекеменшікті қосқанда 58 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынғандығын атап өтті. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасы аясында бюджет-
тен  22 миллиард теңге қаржы бөлініп, игерілген. Соңғы алты жылдың ішінде 49 демалу және сауықтыру нысандары салынып, пайдалануға берілген. Бүгінгі күні курортты аймақта бір мерзімде 9 мыңдай адамды қабылдай алатын демалыс, сауықтыру орындары бар. Жаз айларында 500 мыңдай, ал жыл ішінде 1 миллионнан астам адам демалады. Курортты аймақтың экологиялық тазалығын сақтау бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың бірінші кезеңіне арнап 11,5 миллиард теңге бөлінсе, соның 10,8 мил-
лиард теңгесі игерілген. Ал, екінші кезеңге 21,1 миллиард теңге қарастырылса, бөлінгені 6,6 миллиард теңге. Қазіргі күні сол қаржының  6,1 миллиарды игерілген. Облыс басшысы курортты аймақтың өзекті мәселесі туралы да айтып өтті. Соның бірі канализациялық тазартқыш құрылғы жүйесін салу. Қыруар қаржы бөлініп, бірінші және екінші кезеңін жүзеге асырған бұл жоба толыққанды жұмыс істеуі үшін үшінші кезеңін іске қосу қажет, яғни, бұған қажетті коллектор мен канализациялық сорғышты орнату үшін 1054  миллион теңге керек. Бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешіледі. Бу-
рабай кентінің жолдарын қайта жөндеуге республикалық бюджеттен 618,7 милли-
он теңге бөлінсе, ол қаржының қомақты бөлігі жол салуға қажетті жер телімдерін алуға және ескі үйлерді бұзуға жұмсалған. Осыған орай, жетпей қалған қаржы алдағы жылдың бюджеті есебінен қарастырылуы қажет. Ол  614 миллион теңгені құрайды. Курортты аймаққа қызмет көрсетіп отырған аудандық аурухана ғимараты ескі. Осыған орай, оны күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 800 миллион теңге керек. Облыс әкімі осы арада жекеменшік-мемлекеттік әріптестік шеңберінде алдағы жылы курортты аймақтан жаңа емхана салыну қолға алынғанын атап өтті.
Үкімет басшысы  экология және білім беруге қатысты бірқатар көтерілген мәселелерді құзырлы органдар жедел шешетіндігін, ал қаржы мәселесін шешу жұмыс кеңесінің құзырында болғандықтан, ол алдағы уақытта өз кезегімен шешілетінін атап өтті. Мәжіліске қатысқан жауапты тұлғаларға Үкімет басшысы курортты аймақты дамытуға қатысты қаржыны қажет ететін мәселелердің бәрі жұмыс кеңесінің назарына ұсынылып, тамыз айының ішінде тездетіп шешілуі керектігін тапсырды.  

Қалкөз ЖҮСІП, Аслан ОСПАНОВ.

Суреттерді түсірген  Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар