Жағдай бақылауда

Өткен сенбі күні Атбасар ауданының орталығындағы екі пәтерлі тұрғын үйде газ балонының жарылу салдарынан бір адам көз жұмды.,

Сол кезде пәтерде 4 адам болған көрінеді. 1960 жылы туған әйел сол жерде жан тәсілім етті. Қалған 3 адам түрлі дене жарақатымен жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде олар дәрігерлердің жіті бақылауында.
Алдын-ала жасалған болжамға қарағанда газды ауа қоспасының дүмпуінен үйдің шатыры мен қабырғасы опырылып түскен. Оқиға орнына дереу жеткен аудан әкімі Андрей Никишов бастаған әкімдік қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Аудан әкімдігі тарапынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп, уақытша баспанамен қамтамасыз етілді.  Қазіргі кезде бұл мәселе облыс әкімі Сергей Кулагиннің жеке бақылауына алынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар