Жаңа оқу жылы: өзгерістер өлшемі қандай

Жаңа оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Үш айлық жазғы демалыстан кейін алтын ұя мектебіне оралу балалар үшін үлкен қуаныш болса, ата-аналарға бұл біраз қиындықтар әкелетіні жасырын емес.

Оның ең бастысы, мектепке баратын балаға қажетті киім-кешек пен оқу құралдары және оқулық алу. биыл мектептерде біркелкі киім үлгісі енгізілмек. Сондай-ақ, бес күнгі оқуға көшу, үш- тілділік сияқты қолға алынып отырған өзгерістер де жоқ емес. Жаңа оқу жылындағы мектептегі өзгерістер мен оқу жылына дайындық, оқушыларды біркелкі киім үлгісімен, оқулықпен қамтамасыз ету жайы туралы  облыстық білім басқармасының басшысы балым Ізбасаровамен газетіміздің тілшісі сұхбаттасқан еді. ратыны жоқ, оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуде түрлі қиындықтар орын алып жатады. Оқулықтардың жетіспейтін немесе баспалардан уақытында келмейтін жағдайлары кездеседі. Биыл бұл мәселе қалай шешілмек?
– Биылғы жылы 1 сынып оқушылары үшін мазмұны жаңартылған оқулықтар түгелдей сатып алынды. Жаңартылған оқу бағдарламасына сай бірінші сыныптар үшін оқулықтарды сатып алуға бюджеттен 200 миллион теңге қаржы бөлінді. 8 сынып оқушылары үшін барлық оқулықтар, ал 9 сынып оқушыларына дінтану негіздері пәнінің, 4 сынып оқушыларына шетел тілі пәні оқулығы сатып алынды. Басқа сыныптардың оқулықтары қажетіне қарай алынады.   Оқулықтар мен оқу құралдарын жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 798 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. 2014 жылы осы мақсатқа 475,742 миллион теңге,  2015 жылы 598,158 миллион теңге бөлінгендігін ескерсек, биыл оқулықтар алуға бөлінген қаржы көлемінің едəуір көбейгенін көреміз. Яғни, оқулыққа деген тапшылық биыл болмайды деп ойлаймын.
Барлық сыныптар бойынша балалар санына қарай қажетті оқулыққа тапсырыс берілді. Еліміздегі оқулық шығаратын 15 баспамен 257 шарт жасалды. Оқулықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы облыс мектептері үшін барлығы 685197 оқулық жеткізілу жоспарланып отыр. Қазіргі күні Степногорск қаласы мен Бұланды, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Жақсы, Бурабай, Есіл, Целиноград жəне Аршалы аудандарында оқулықтар жеткізу белсенді жүргізілуде. Басқа қалалар мен аудандар да бұл жұмысқа кірісіп жатыр. – Мектептерде оқушыларға арналған біркелкі киім үлгісіне көшу қолға алынып жатыр. Бұл іс облысымызда қалай жүргізілуде?
– Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 5 бабының 14-1 тармағына сай, Білім министрлігі биылғы жылдың 14 қаңтарындағы №26 бұйрығымен орта білім беретін мектептерде біркелкі үлгідегі киімді енгізу ережесін бекіткен болатын. Осыған орай, мұғалімдер ұжымдарымен, ата-аналармен, аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандарымен биылғы жылдың сəуір-мамыр айларында түсінік жұмыстары жүргізілді. Біздің облысымызда да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілді. Барлық мектептерде жалпымектептік жиналыстар өткізіліп, онда бір үлгідегі киімге көшу қажеттігі талқыланды. Осыған орай, бұл мəселе бойынша мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы түсінбестік жайлардың бəрі шешімін тапты. Біркелкі киім үлгісіне көшу не береді? Ең алдымен, балалардың арасындағы ала-құлалық пен соған байланысты туындайтын тұрмыстағы теңсіздік көріністері жойылады. Біркелкі киім киген балалар өздерін бірдей сезінеді жəне бұл біркелкі тəртіптің де барлығын олардың саналарына сіңіреді. Сонымен бірге, мектеп формасы балалардың денсаулығына да игі ықпалын тигізіп, салауатты өмір салтына бейімделуге, қоршаған ортамен ырғақтылыққа, рухани-ізгілік жағынан дамуға игі ықпалын тигізбек.
Ата-аналар  тарапынан  тұрмыстары  төмен отбастарының балаларын киіммен қамтамасыз ету жайы туралы мəселе көтерілді. Бұл мəселе де өзінің нақты шешімін табады деген сенімдеміз. Өйткені, оқушыларды біркелкі киім үлгісімен қамтуға демеушілер де тартылу көзделуде. Киімге қажетті матаны таңдағанда біртүсті болуы, денсаулыққа залалсыздығы қатаң ескерілмек. Біркелкі киім үлгісі түрін ата-аналар кеңесі өздері талқылап, қабылдайды. Ал, кейбір өңірлерде барлық мектептерге ортақ үлгі қабылдануы да мүмкін. Мəселен, Атбасар ауданында барлық мектептер бір үлгідегі киімді қабылдап отыр. Біркелкі киім үлгісінің орташа бағасы  ер балалар үшін  7-15 мың теңге аралығында болса, қыз балардың киімі 9-25 мың теңге көлемінде. Оның бағасы матаның түріне, қызмет көрсететін кəсіпорынға байланысты болмақ. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін облыс мектептерінде барлық балалар біркелкі киім үлгісімен жүз пайыз қамтамасыз етілетін болады.
– Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы қандай?
– Биылғы жылы  білім саласының 8 нысандары салынып немесе қайта жаңғыртылады деп жоспарланған. Осы мақсат үшін бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінді. Сонымен бірге, 15 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұған 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл нысандардың бəрінде қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Белгіленген кестеге сай аяқталатын болады. Республика Үкіметі біздің ұсынысымызды қабылдап, 47 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 256,2 миллион теңге ақша бөлді. Сонымен бірге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша  25 мектепке жөндеу жүргізу үшін 599 миллион теңге бөлінуі тиіс. Биылғы жылы жалпы көлемі 1780 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 520 орындық 2 бала бақша салынып, іске қосылмақ. 145 орындық балалар үйі қайта жаңғыртылуда. Онда балалардың демалуы, бос уақыттарын өткізуіне қажетті жағдайлардың бəрі жасалады. Сонымен бірге, 540 орындық  3 мектеп құрылысы жалғасуда. Бұл салаға тек бюджет қаржысы ғана тартылмай, мемлекеттік-
жекеменшік əріптестік бойынша да қаржы көздері қарастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Целиноград ауданында жүргізіліп жатыр. Қазір мұнда 280 орындық бала бақша салынуда. Мемлекеттік-жекеменшік əріптестік шеңберінде Көкшетау қаласында  140 орындық, Степногорск қаласында 135 орындық бала бақша құрылысы жүргізілуде. – Жаңа оқу жылындағы жаңалықтың бірі бес күндік оқу жүйесіне көшу жəне үш тілде оқыту жайы екендігі белгілі. Осы жайында кеңірек айтып кетсеңіз?
– Бес күндік оқу жүйесіне мектептер бірден жəне бір мезгілде көшпейді. Бұл сатылап жүргізіліп, бірнеше жылға созылмақ. Биылғы жаңа оқу жылынан бірінші сынып оқушылары жаңа жүйе бойынша оқи бастайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, бірінші сыныптықтарға жаңа жүйеге байланысты жаңартылған оқулықтар толық сатып алынды. Мамандар да жеткілікті. Яғни, бұл бағыттағы жұмыста ешқандай кедергі болмайды деген ойдамын. Ал, үштілділікке келетін болсақ, ең алдымен қажетті мұғалім мамандарды даярлау жұмыстары қолға алынуда. Мұғалімдер қайта даярлау курстарынан өтіп, жаңа бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіреді. Үштілділікке көшу де бірнеше жылдың ішінде сатылап жүзеге аспақ. Сұхбаттасқан
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар