Бағаны көтеруге мəжбүрміз

«Қазтелерадио» АҚ «OTAU TV» жерсеріктік телевизия қызметінің «Толық» арналар топтамасы үшін 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап абоненттік төлем құнын көтеретінін хабарлады. Бұл неге байланысты жəне құн қаншалықты өзгеретіні туралы Ақмола облыстық радиотелехабар дирекциясының директоры Винер Зекриянұлы Арсланбековпен сұхбаттасып, мəн-жайды баяндап беруін өтіндік.
–  «OTAU  TV»  жерсеріктік телевизиясының абоненттік төлемінің көтерілуі неге байланысты?
– OTAU TV жерсеріктік телевизиясының қызметі ақылы жəне ақысыз негізде көрсетілгеніне назар аударғымыз келеді, яғни, 55 қазақстандық телерадиоарналар негізгі топтамада, оны біздің абоненттер ақысыз көреді. Ал, шетелдік арналарды көргісі келетіндер үшін құрамына 60-тан астам шетелдік арналар кіретін «Толық» топтамасы ұсынылған. Оның құны бұрын 2000 теңгені құрайтын, ал, 1 қыркүйектен бастап ол 2500 теңге болады. Қызметтерге төлемді қымбаттатудың бірқатар себептері бар, негізгілердің бірі – бұл төлемақы шетелдік валютада жүзеге асырылатын шетелдік арналардың контент құны, сондай-
ақ, таяу шетелдерден құқықтық иегерлеріне де. Абоненттік төлемақыны көбейту деңгейі ұлттық валюта дағдарысының деңгейіне байланысты.
Біз, OTAU TV іске қосу кезінен бастап, 5 жылда абоненттік төлем құнын бірінші рет көтеріп отырмыз. Ұзақ уақыт бойы абоненттік төлемқұнын ұстай отырып жəне ұсынылып отырған контенттің сапасын еш нашарлатпай, біздің компания отбасының барлық мүшелеріне арналған топтама құрамын əйгілі, қызықты телеарналармен толықтыру үшін жұмыс істеді. Сонымен қатар, жерсеріктік сигналдың Қазақстан аумағының 100 пайызын қамтуы жəне елдің ешбір бұрышын қалдырмай барлық тұрғындардың қалтасы көтеруін ескере отырып, абоненттік төлемді 20 пайыздан аспайтын мөлшерге көбейту шешімі қабылданды.
–  Сіздердің  компанияларыңыз жерсеріктік хабар тарату қызметтерін ұсынады. Жерсеріктік хабар тарату операторы ретінде компания жұмысының ұстанымы неде? – Сұрағыңыз үшін рахмет! Көптеген абоненттер бізді олардың теледидар экрандарында көретін контенттің жасаушысы деп есептейді жəне бұл ретте «Қазтелерадио» АҚ өзі бағдарламалар мен кинофильмдерді жасайтын телеарна болып табылмайтынын, ал, біздің елдің барлық жерлеріндегі көрермендер үшін сурет пен дыбысты жеткізу міндеттерін орындайтын провайдердің міндеттерін атқаратынын атап өткіміз келеді. Біз, өз тарапымыздан «Толық» топтамасында ұсынылған арналар барлық жастағы телекөрермендерге қызықты əрі тартымды болуы үшін жұмыс істейміз.  – Абоненттік төлем құнын көтергеннен кейін OTAU TV абоненті қосымша қандай қызықты жаңалықтарды көре алады? –Мен атап өткендей, компанияның негізі қаланғаннан бері біз абоненттік төлемді алғаш рет көтеріп отырмыз. Көтеруге мəжбүрміз. Kazsat-3 жерсерігіне хабар таратуға көшіруді есепке ала отырып, біз жылдың соңында HD-арналардан жаңа топтаманы тұтынушыларға ұсынуды жоспарлаудамыз. Біз қызықты, танымдық телебағдарламалары,  сериалдары, мультфильмдері, ғылыми құжатталған фильмдері жəне тағы басқалары бар телеарналарды ұсына отырып, біздің тұтынушының бізбен бірге қалуы үшін барлық жағдай жасауға тырысудамыз. – Сіздің тұтынушылар үшін арнайы ниеттестік бағдарламалар, акциялар бар ма?
– Абоненттер үшін біз əрқашан акциялар, ұтыстар ұйымдастырып отырамыз. Мысалы, қазіргі таңда 3, 6 немесе 12 айға ақылы топтамаға қосылу барысында абоненттерге басты жүлде – автокөлік ұтып алу жəне құнды жүлделердің ұтысына қатысу мүмкіндігі бар. Акция осы жылдың қыркүйегіне дейін жарамды. Осы жылдың күзінде абоненттерге жаңа акциялар ұсынылатын болады. Ол туралы БАҚ жəне компанияның ресми ресурстарында алдын ала ақпарат беріледі.
– Сіздердің қызметтеріңізді қалай төлеу қажет жəне шоттың жағдайын қалай білуге болады?
– Қызметтерді банктердің есеп айырысукассалық бөлімшелері, «Qiwi», «Касса 24», теңге терминалдары, өз қалаңыздағы Қазпошта бөлімшелері арқылы жəне серіктес-банктердің интернет-банкингінің көмегімен төлеуге болады. Барлық ақпарат otautv.kz сайтында бар. Дербес шоттағы қаражаттардың жағдайы туралы нақты ақпаратты «02*қабылдағыштың нөмірі» мəтінімен 7101 нөміріне SMS-хабарламаны жібере отырып, білуге болады.
– Əңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан Салтанат ДОСЕТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар