Татулықты ту еткен меймандар

Жуырда  аудан  орталығында «Халықаралық жүгіріс-2016: РесейҚазақстан» атты  спорттық шара  өткізілді.
Бұл жиынға  аудандық спорт бөлімінің басшысы Медеу Əбжіков, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гауһар Серғалиева қатысты. Игі шара желаяқтардың халықаралық эстафета алауын  қарсы алудан бастау алды. Одан əрі тыныштық пен бейбітшілікті, ынтымақтастық пен бірлікті ту еткен, саламатты өмір салтын насихаттауды көздеген жақын шетел спортшылары күрт құбылған ауа райының ыңғайына қарамастан, қастерлі өңірде елмен, жермен жақын танысуды ниет еткен еді. Осыған байланысты меймандар Үмбетей жырау атындағы аудандық мəдениет үйіне шақырылды.  Мұнда сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Əбдин мен спорт ардагері Виктор Рябуха шараның маңыздылығын атап  өтті. Ал, спорттық жиынның Қазақстандағы үйлестіруші Дəулен Оспанов осы халықаралық сапар жайында баяндап, оның  Сингапур, Малайзия, Корея жəне Моңғолия елдері  арқылы өткенін айтты. Шара соңында  аудандық мəдениет үйінің өнерпаздары əуезді əнімен мереке шырайын ажарлан-
дырды.
Əлия АҚНАЗАРОВА.
Ерейментау ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар