Дамыту басты міндет

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі кедергілер мен оны шешу жолдары қарастырылды.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті  Меруерт Қазбекова төрайымдық етіп, жүргізіп отырды.  Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры  Еркебұлан Баяхметов аталған шараның маңызды қырларын айта келіп,  «Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасына» енгізілген жобалармен таныстырды. Ал, Меруерт  Қазбекова өңірлік туризм саласын дамытуды ең алдымен, қазақ тілді  экскурсия жетекшісін даярлайтын мамандар шоғырын құру керек екенін айтып,  облыс туристік бизнесті дамытуға аса қолайлы аумақты алып жатқанын тілге тиек етті.  Әр адам кәсіппен  айналыса алады. Бастысы нақты жоспар жасап, жақсы жұмыс атқару керек. Сонда ғана адамның жасаған еңбегі ақталып, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, – деді.
Отырыс соңында  кәсіпкерлер  туралы заңдарға қандай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет екені  де айтылып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар   түсті.
Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар