Білім мен ғылымның жанашыры еді

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қосыбай Айтқожинді еске алуға арналған «Ғылым мен білімнің қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты  ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Шараны университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров ашып, жүргізіп отырды. Ол Қосыбай Айтқожиннің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған конференцияның мән-мағынасы ерекше екенін жеткізді. Қатардағы оқытушыдан профессор дәрежесіне көтерілген абзал азамат білім мен ғылымға көп еңбек сіңірді. Осы орайда, университет ректоры көкшелік ғалым Қосыбай Айтқожинмен көзі тірісінде жақсы қарым-қатынаста болғанын, оны білікті ұйымдастырушы ретінде зор бағалайтынын  айтып, білім ордасының материалдық-техникалық базасын нығайту мен мамандар даярлауға ерекше үлес қосқанынан хабардар етті.
Жиында университет профессоры Қайыржан Қожабаев сөз алып, «Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Айтқожиннің ғылыми-педагогикалық қызметі» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қасымхан Құсайынов экономика кафедрасын құруда марқұмның сіңірген еңбегіне айрықша тоқталды. Ұзақ мерзім уақыт онымен достық қарым-қатынаста болғанын еске түсіріп, бойындағы адамгершілік қасиеті мен азаматтық тұлғасын әңгімеледі. Университеттің тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Хасен Әбсәлімов те белгілі ғалымның жарқын бейнесін еске алды.
Конференция соңында марқұмның жары Бибітай Айтқожина білікті мамандар даярлау ісіне өзіндік үлес қосқан Қосыбай Айтқожаұлының есімі ел есінде мәңгі сақталатынына сенім білдіріп, конференцияның ұйымдастырушыларына ризашылығын жеткізді. 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар