Теміртаулықтардың тегеуріні қатты

Кеше хоккейден ел кубогінің кезекті турында Көкшетаудың «Арлан» хоккейшілері өз алаңында Теміртаудың «Теміртау» командасын қабылдады.

 

«Б» тобында ойнайтын қос командаға да бұл ойында ұпай жинау маңызды болды. Сондықтан, кездесудің алғашқы кезеңі командалардың алма-кезек шабуылымен тартысты өтті. Алайда, бір-бірінің қимылын аңдып баққан қос команда да есеп аша алмады. Осылайша командалар алғашқы жиырма минутта 0:0 есебімен тең тарқасты.
Ал, кездесудің екінші таймының алғашқы минутында «Арлан» командасының екі бірдей ойыншысы тәртіп бұзып, қонақтар айқын басымдыққа ие болды. Бұл мүмкіндікті теміртаулықтар мүлт жібермей қонақтардың шабуылшысы Алишаускас есеп ашты. Бұдан кейін жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысқан арландықтар шабуылын үдетіп, қонақтардың ойыншысы Писарев тәртіп бұзды. Осыны ұтымды пайдаланған «Арлан» шабуылшысы Якимович кездесудің 25:17 минутында есепті теңестірді. Осы голдан кейін сәл босаңсыған алаң иелері өз қақпаларына тағы екі гол жіберіп алды. Бұл жолы теміртаулықтардың ойыншылары Святына мен Орлов мергендік танытты. Алайда, қонақтардың қуанышы көпке бармады. Кездесудің 34:07 минутында «Арлан» шабуылшысы Киселев гол салып есеп айырмасын қысқартса, тайм аяқталар санаулы секундтарда  Потайчук пен Казначеев бір голдан соғып, алаң иелерін алға шығарды.
Өкінішке орай, арландықтар ойын соңына дейін осы басымдықты ұстап тұра алмады. Соңғы кезеңнің соңғы минуттарында қонақтар есепті теңестіріп кетті. Бұдан овертаймда бірін-бірі ала алмаған командалар булитте мергендіктерін сынап көрді. Бұл жерде үш рет қатарынан мүлт кеткен арландықтар қақпасына қонақтар екі шайба салып жеңісті ойламаған жерден жұлып әкетті. Осылайша «Арлан» өз алаңында «Теміртау» командасына 4:5 нәтижесімен есе жіберіп алды.

Аслан ОСПАНОВ.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар