Халықтың денсаулығы – ел болашағы

Ақмола медиа орталығында  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурудың алдын алуды жетілдіру,  жол карталарын жүзеге асыру бо-йынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы  еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру мақсатында  тұрғындардың денсаулығын нығайтуды көздейді. Алайда, халықтың денсаулығы жақсарғанымен қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға  азайған. Статистикалық көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, бұл қан айналымы жүйесі аурулары, қатерлі ісіктердің пайда болуы және  түрлі жарақаттардың зардабынан  болып отыр. Осы мәселе жөнінде  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары  Сергей Киласьев қысқаша баян етті.
Одан соң облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов түйткілді мәселелер жайында кеңінен әңгіме қозғады. Баяндамашы миокард өткір инфаркті, инсульт  аурулары және жарақат алу  өлімге алып келетін негізгі себептер екенін жеткізді. Осы ретте, облысымызда  арнайы үйлестіру кеңестері құрылып, оның негізгі қызметі азаматтарға медициналық көмек көрсету модельдерін жаңарту болып табылады. Мәселен, миокард өткір инфаркті ауруына душар болған азаматтарды емдейтін 22  стационар ұйым  жұмыс істейді. Олар үш деңгейге бөлінген. Үшінші деңгей бойынша стацио-нарлар дәрігерлермен толық қамтамасыз етілсе, бірінші деңгей негізінде  12 маман жетіспейді екен. Сол себепті, алты дәрігер қайта оқуға жіберілді. Ағымдағы жылғы жартыжылдықтың қорытындысын айтар болсақ, жүректің ишемиялық ауруынан өлу фактілері 34 пайызға азайса, ал,  миокард өткір инфарктісінен керісінше 8 пайызға көбейіпті. Сонымен бірге,  қан айналымы жүйесінің  ауруы, инсульт бойынша өлім-жітім оқиғалары көптеп тіркелуде. Мұнда науқастарға 20 ұйым сапалы медициналық көмек көрсетеді. Алайда, мекемелер қажетті құралдармен жабдықталғанымен мамандармен 73  пайызға ғана қамтылған. Тұрғындардың 62,3  пайызы  
инсультке душар болғанын ескерсек, бұл алаңдататын жайт. Сонымен бірге, өңір тұрғындарының түрлі жарақат алулары өлімге әкеп соғуда.
Бұдан кейін  облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері  Ермек  Мұхамедиев әйелдерді босандыру мәселесін тілге тиек етті. Облысымызда  98 акушер-гинекологтар  жұмыс істейді. Бірақ,  әлі де болса 24 дәрігер қажет. Одан бөлек, неонатолог және анестезио-лог, педиатр, реаниматолог мамандар жетіспейді. Барлық аудандарда  орнатылған құрал-жабдықтар талаптарға сай.  Облысымызда аналар өлімі тіркелмеген. Өз кезегінде  бала өлім-жітімі ағымдағы жылы 8,2 пайызға азайғаны мәлім болды. Ал,  облыстық онкологиялық диспансер бас дәрігерінің орынбасары Болат Әбішев онкологиялық ауруларды басқару жол картасында көрсетілген 29 тармақтың 18-і орындалғанын жеткізді. Осы мақсатта, облыс бойынша 18 маммолог кабинеті ашылды. Оның ішінде төртеуі жеке кабинет болса, қалғаны өзге бөлмелермен біріктірілген. Маммолог дәрігерлер өте аз.  Сондықтан, мамандарды даярлау мәселесі қолға алынған.
Баспасөз мәслихаты соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  науқастарға жасалған қиын оталар, дәрігерлерді даярлау және әйелдерді босандыру қызметін жетілдіруге байланысты  сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Ырысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар