Баланы мектепке дайындаудың бағасы қанша?

Көкшетаудың орталық базары. Әрлі-берлі ағылған ығы-жығы халық. Жаңа оқу жылының бас-талуына аз уақыт қалды. Содан болар, базарда жүргендердің көпшілігі – балаларын жетектеген ата-аналар. Сатылып жатқан оқу құралдарынан бастап, спорттық киім, аяқ киім мен мектеп формаларының бағасына бір көз жүгіртіп шықтық.

 

Ата-аналардың айтуына қарағанда, оқу құралдарына 3000 теңгедей қаржы жұмсалады екен. Спорттық киім 4500-ден басталып, 8000-ға дейін жетеді. Аяқ киімдердің бағалары да сол маңайда. Мектеп оқушыларына ең керекті нәрсе сөмкелердің бағасы шамамен 3000-нан басталып, 9000-ға дейін барады. Ал, мектеп формасына келетін болсақ, базарда сатуға шығарылғандарының бағасы 5500-6000 теңге шамасында. Мектептердің көбі біркелкі мектеп формасын тіктіртуді қолға алып жатыр. Оның бағасы 20000 теңгеге дейін барады дейді ата-аналар. Одан бөлек балаға алынатын басқа да ұсақ-түйектер тағы бар. Сонымен, осының барлығын қорыта келгенде, бір балаға 35-40 мыңдай қаржы жұмсалады екен. Иә, бұл тек қана бір баланы дайындауға кететін қаржы. Ал, көпбалалы отбасылар қайтпек? Сонымен бірге, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылары да бар. Мұндай ақшаны олар қайдан таппақ?
 Базарда жүргендердің дені ауыл адамдары екенін байқадым. Егін, бау-бақша салатын ауыл тұрғындары үшін сондай қажет шаруаларын тастап, базар аралап жүру оңай емесі түсінікті. Бала үшін ештеңе аямайтын олар қарызданып-қауғаланып болса да мектепке қажетті  дүниелерді алар. Десек те, мектепке қажетті оқу құралдары мен киім-кешекті алу үшін қалаға барып, табандарын тоздыртпай, сол ауылда арнайы дүкендер ашып, сонда сатып алуға жағдай жасаса дұрыс болар еді дейсің.
Ата-аналар үшін де, балалар үшін де қарбалас шақ басталып, мектепке баруға дайындық қызу жүріп жатыр. Көңілге үміт тұтарымыз, әйтеуір базардан іздегеніңді түгел табуға болады. Тек ақшаң болсын де. Оқу құралдары түгілі, мұнда оқулықтарды да сатып алуға болады екен. Яғни, мектепке баратын балалар үшін кеңес заманында жиі кездесетін қат дүние деген жоқ. Сондықтан, оқу жылына балаларымыз қажетті оқу құралдарымен, оқулықтармен, басқа да нәрселермен толық қамтамасыз етіледі деген сенім бар.
Айгүл БАЙСЕЙІТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар